BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

«Жаңа жыл» мерекесі қарсаңында «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында партия Байзақ аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудан орталығы Сарыкемер ауылында тұратын мүмкіндігі шектеулі Игенбай Кәусәр және Байназаров Берекеттің үйлеріне партия аудандық филиалының консультанты Әлібек Мырзабеков және аудандық филиалдың есеп және статистика бөлімінің меңгерушісі Қалдыбай Кусемисовтер барып, олардың тұрмыс-тіршілігімен танысып, Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, партия аудандық филиалының атынан балаларға киімдер мен Жаңа жылдық сыйлықтар табыстады.
«Денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған «Кедергісіз келешек» жобасы шеңберінде ауданымызда мүгедек жандарға арнап Жаңа жыл қарсаңында әлеуметтік көмек көрсету бойынша іс-шаралар ұйымдастырылуда. Қазақ халқы қашан да біреуге қол ұшын беруге, жәрдемдесуге дайын тұрады. Сол игілікті ұлы дәстүріміз әлі де ұмытылмай жалғасын табуда», - дейді аудандық партия филиалының консультанты Әлібек Мырзабеков.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер