BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Маңызды кездесу өтті

Жуырда Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңесінің бас инспекторы Серік Жансейітұлы Нұртазин ауданда болып, Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012 - 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының жүзеге асырудың барысы жөнінде жиналыс өткізді. Жиналысқа аудан шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер, мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.

Жиналысты аудан әкімі міндетін атқарушы Мақсұт Сәрсембайұлы Оспанов ашып, келген кісілермен таныстырып, аудан ауылшаруашылығын дамыту жөніндегі жұмыстың барысын білу мақсатында келіп отырғанын айтты. Осы мәселе бойынша Қарағанды облыстық ауылшаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары С. Апақашев сөз сөйлеп, ауыл шаруашылығын, шаруа қожалықтарын дамыту бағытында атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ, қойылған сұрақтарға жауап берді. Бұдан соң Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарының жүзеге асу барысы, аудандағы 882 шаруа қожалықтарының жұмыстары жөнінде жан- жақты айтып өтті. Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңесінің бас инспекторы С. Нұртазин ауылшаруашылығын дамытуда келелі кеңестер берді. Аудан әкімі міндетін атқарушы Мақсұт Сәрсембайұлы жиналысты қорытын- дылай келіп, жоғарғы жақтан келген құрметті қонақтарға аудан халқы атынан алғыс айтты.

 

 

Өз тілшіміз


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер