МЕМЛЕКЕТТІК СТАТИСТИКА – МАҢЫЗДЫ ҚЫЗМЕТ - Мұрағат|13 Қараша 2014, 16:55
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

МЕМЛЕКЕТТІК СТАТИСТИКА – МАҢЫЗДЫ ҚЫЗМЕТ

Биылғы жылдың 8 қарашасында Қазақстанның Мемлекеттік статистика жүйесінің құрылғанына 94 жыл толып отыр. Қазақстанның мемлекеттік статистикалық жүйесінің құрылу күні 1920 жылы 8 қараша деп санау қабылданды, оның алғашқы басқарушысы болып И.П.Крутилин бекітілді. Статистикалық жүйенің өзі кейінгі 94 жыл ішінде атауына өзгерістер енгізу және қайта қалыптасу енгізіліп, соңғы өзгеріс 2014 жылғы тамыз айында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті болып қалыптасты. Статистика деген тұнып тұрған есептер дерегі. Онда жұмыс жасайтын мемлекеттік қызметкерлердің еңбегін елемеу мүмкін емес. Осы орайда 10 қараша күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы Айыртау аудандық филиалының төрағасы Ағзам Тастеміров ауданның статистика басқармасы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. - Қазақстанның Мемлекеттік статистикасы ұйымдастырылуының 94 жылдығымен және Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Баршаларыңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызда бақыт, табыс және көздеген мақсаттарыңызға жетулеріңізге тілектеспін – дей келе, аудан басшысы адал ниет еңбектері, биік кәсіпкерліктері үшін және Статистика күнін атап өтуге байланысты аудан әкімінің Құрмет грамотасымен Айыртау ауданының Статистика басқармасының жетекші маманы Ольга Нестерованы марапаттаса, Айыртау ауданының Статистика басқармасының жетекші маманы Жәния Темірбаеваға аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады. Келесіде сөз алған ауданның Статистика басқармасының басшысы Разия Ғинаятова мен аудандық мәслихаттың хатшысы Раушан Тлеубаевалар аталмыш сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Осы айтулы мереке қарсаңында ауданның Статистика басқармасының басшысы Разия Ғинаятова аталмыш саладағы көп жылғы еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смаиловтың 2014 жылғы 4 қарашадағы №2 «Ж» бұйрығы негізінде «Статистика үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

 

 

Бағлан ҚОЖАҚОВ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер