BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағы

1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Əбіш пен Əлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған əке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды. Сəбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың əжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». Əлемдегі барлық əжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Əлжан Мыр- забаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дəстүрлері мен жоралғылары туралы əңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тəрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады. Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың əкесі – Əбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді. Əбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс жəне балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Əбіш қазақ жəне орыс əндерін беріліп айтатын, əңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Əбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.  Назарбаевтың анасы Əлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық ауылындағы молданың отбасында дүниеге келді. Үшқоңырға жер аударылған əкесімен бірге келген Əлжан Əбішпен танысады. Ауыл арасында əн салу мен суырыпсалмалық өнерден оның ал- дына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Əлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дəстүрлерге, əн-жырларға, салт- ғұрыптарға құштарлығын оятты. Əлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды. Отбасында Сұлтан деп аталған ұланның балалық шағы соғыстың сұрапыл жылдарына жəне соғыстан кейінгі ауыр кезеңге тұспа-тұс келді. Бұл соғыстағы жеңіске миллиондаған адамды құрбан еткен алып мемлекеттің айрықша күш жұмылдырғанының арқасында қол жетті. Жарымжан күйге түскен ел үйінді арасынан шығып, енді ғана еңсесін көтерді. Жеңістен кейін бірнеше жыл өткен соң КСРО «қырғи-қабақ соғыс» деп аталған, барлық ауыртпалығы қарапайым халықтың иығына түскен жаңа мазасыз додаға қосылды. Бұл ел əлі аш-жалаңаштықтан арыла қоймаған ауыр кезең еді. Бірақ бала Нұрсұлтанның жас зердесінде сол кезеңнің қыспаққа салған қиыншылықтары ғана емес, анасының аялы алақаны мен əкесінің мейірлі жүзі де сақталып қалды. Тату отбасы, бауырлар, əке-шешесі айтқан əндер. Алатаудың əсем ақбас шыңдары, баланы еліктіретін ойындар. Оның қатарластарының бəрінің балалық шағы осылай өтті. Нұрсұлтан өз əкесінің ешқашан қол қусырып қарап отырмағанын көріп, оған үнемі көмектесуге ұмтылды. Үйде де, бақшада да, алма бағында да əкесінің жанында болып, картоп пен алма өсіруге жəрдемдесті. Нұрсұлтан мал жайғарумен айналысты, əкесімен бірге тауға барып, шөп шапты. Бірде Əбіш үйге арнайы жер аударылған балқарлар отбасын ертіп келді. Назарбаевтар отбасы оларды шаңырағына паналатты, жұмысқа тұруына көмектесті. Ал Əбіш Назарбаев балқарлармен тез тіл табысып, олардың тілін үйреніп алды. Көп ұлт мекендеген Шамалған тұрғындарының бəрі де сөйтті. Ешкім ұлтқа бөлінген жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев кейінірек кітаптарының бірінде сен қазақсың ба, украинсың ба, чешен əлде неміссің бе, балалардың арасында оны ешкім де есіне алмайтыны туралы жазды: «Егер қазақ үйіне месхеттік түріктің баспанасы жапсарлас салынып, ал келесі үйлерде Богдан, Рихард, Олег тұрып жатса, қайтіп бөлінеді...». Ұлдар жағы тек тұрған көшелеріне қалай топтасатын. Көше-көшеге бөлініп, төбелескен кездері де болды. Бірақ достық пен өзара көмек өмір салтына айналған еді. Бастан кешкен барлық қиындық- тарға қарамастан, ұлдар мен қыздарды білімнің сиқырлы əлемі, мəнді де мағыналы, шаттыққа толы жарқын болашақ тартты да тұрды.Осылайша Елбасының балалық шағы өтті.

 

Өз тілшімізден


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер