BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ҰБТ қалай өтедi?

 Мiне, санаулы күндерден соң соңғы қоңырау сылдыры естiледi. Арғы жағында бiр аптадан соң ҰБТ басталады. Мектептердiң рейтингiсiн бағалайтын бұл сынаққа дайындық қалай, осы тұрғыда бiраз сұраққа жауап iздеп, бiз аудандық бiлiм бөлiмiнiң ҰБТ-ге жауапты әдiскерi Айтмұрат Тоқаманұлы ЖалҒасбаев­пен әңгiмелестiк.

 - Биыл аудан бойынша 4923 оқушы мектеп бiтiредi. Оның 4282-сi қазақ тiлiнде, 314-i орыс тiлiнде, 123-i өзбек тiлiнде, 204-i тәжiк тiлiнде оқитындар. ҰБТ-ге қатысуға өтiнiш бiлдiргендер саны-2671,пайыздық көсеткiш-58,1. Ал мемлекеттiк емтихан тапсыратындар-2252.
Биылғы жылы ауданда «Алтын белгi» белгiсiне үмiткерлер-164, «Үздiк аттестат» үмiткерлерi-85.
Соңғы байқау тестiнiң қортындысы аудан бойынша орташа көрсеткiш -71,9 балл,-дедi маман.
- Неге биылғы жылы ҰБТ-ке қатысу көрсеткiшi төмен болып отыр? Себебi неде?
- Өткен жылы бiрыңғай ұлтық тестiлеуге аудан бойынша 3025 бала қатысқан болатын. Мектеп бiтiрушiлер саны да көп едi, яғни 5085 оқушы (қазақ, орыс тiлдерiнде оқитындар) болды. Айырмашылықты айтсақ, биыл 162 балаға азайған (бiтiрушiлер саны). Соның есебiнен 1 пайыз төмендеп кеткен.
- Ең көп «Алтын белгiге» үмiткерлер қайсы мектептен?
- №6 Б. Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы. Аталмыш бiлiм ұясынан «Алтын белгiге» үмiткерлер -38, «Үздiк аттестатқа» үмiткерлер-11. Жалпы мұнда үстiмiздегi жылы 54 оқушы мектеп бiтiредi.
- ҰБТ қашан, қалай өтедi?
- Елiмiз бойынша ол 1-15 маусым аралығында өтедi. Бiздiң ауданда ҰБТ 2-8 маусым аралығында №119 жалпы орта мектебiнде болады. Биыл тестiлеу 14 аудиторияда өтедi.
ҰБТ-ке қатысытындардан 2316 оқушы өңiрлерден арнайы көлiкпен тасымалданады. Олар 2 мезгiл (түскi және кешкi) ыстық тамақпен қамтамасыз етiледi. ҰБТ кезiнде оқушыларға тегiн сусындар берiледi.
Тасымалдауға -3,5 млн, тамақтануға 3,5 млн теңге қаржы жергiлiктi бюджеттен бөлiнiп отыр. Барлығы -7 млн. теңге,-деп А. Жалғасбаев бәрiн түсiндiрдi.
Мектеп бiтiрушi түлектерге тек сәттiлiк тiлеймiз.

 

 


Ақыл ТӨРЕ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер