BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Хиджаб кию дұрыс па әлде бұрыс па?

 

Хиджаб араб тілінен аударғанда орамал деген мағына береді. Ал орамал тағу мұсылман елдерінің әйелдері киюі парыз болып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз пікірін білдіріп, жастар арасындағы хиджаб кигендердің қылығын ерсі көретінін мәлімдеді. Біздің әйелдер ешқашан хиджаб кимеген, жүздерін жасырмаған. Әрине, мұсылман дінінің барлық өкіліне құрметпен қараймыз, бірақ біздің өз жолымыз, өз ұлттық дәстүріміз бар.
Хиджабты араб, парсы елдері киген. Бәрімізге белгілі ерте заманда араб елдері өте ыстық болғандықтан күннен қорғану мақсатында осы хиджабты киетін болған. Сонымен қатар бетін жапқан орамал ыстықтан терлегенде самал желмен бірге адамдардын денесін қызып кетуден сақтап, салқындатып отырған. Тағы бір айта кететін жайт, араб елдерінің әйелдері сұлу болғандықтан ерлері қатты қызғанып, ешкімге көрсеткілері келмей беттерін жапқызып, қыздарын бөгде ешкімге бермеген. Хиджаб кигізудің тағы бір себебі осы болатын. Хиджабты киген араб, парсы елдерінің ұлттық дәстүрлері ислам дініне қатысы жоқ екендігін ұмытпауымыз қажет. Кезінде ислам дінін уағыздаушылар өз елінің дәстүрін қоса алып келген. Онымен бірге орамал тартудың да түрлі тәсілдері бар. Міндетті түрде тұмшалап алудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бірақ «Әйелдерге айт, өздеріне харам етілген нәрселерге қарамасын. Ұятты жерлерін зинадан, күнә атаулыдан қорғасын. Мәжбүр көрінген жерлерінен тыс әдемілікті көрсетпесін. Орамалдарын жағаларын да жабатындай етіп тақсын» –Нұр сүресінің 31-аятында.
Кұранда сипатталғандай, киінетін болсақ хиджабтан еш айырмашылығы жоқ. Қысқа көйлек, ашық киініп жүргендерді көргенде мүмкін хиджаб арабтікі болса да кигеніміз жөн бе деп те ойлаймыз. Әйел өз дене бітімін ерекше айқындамайтын кеңдікте кез келген киім үлгісін таңдауға құқығы бар. Мұндай киім киюдегі мақсат қыз бала ер кісіні өзіне қызықтыратындай дәрежеде киінбеуі керек. Бұлай киінсек еліміздегі әдепсіз қылықтар азаяр ма еді?
Қысқа, ашық киінгендерді көрсек мән бермей, ал хиджабтағы қызды көрсек оған жаман қарап өтеміз. Барлығымыз бізге теріс нәрсе айтып, жаман жолға салмай ма деп таңданамыз. Сонда ол қыздардың АЛЛА жолында жүргенін естен шығарамыз. Әрине көпке топырақ шашудан аулақпын, бірақ қыска киінгендерден емес, орамал таққандардан қорқамыз? Біздің елімізде еркіндік болған соң, әр адамның өз таңдау еркі бар. Сол себепті қандай киім үлгісінде киініп жүрсек те, қаймағы бұзылмаған қазақ еліне еш зияны тимей, қазақ қызы деген атқа лайық болайық!

 

 

 

 

 

Әсем Еңбекшинова,
ҚМУ ГӘФ аударма ісі мамандығының 1 курс студенті


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер