BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ит – жеті қазынаның бірі

Тазы біздің халқымыздың маңдайына біткен сый. Адам баласы қай кезде асыранды еткені белгісіз болса да, үй хайуандары ішінде адамға иттен жақыны жоқ. Иттің естілігі мен адамға қолқанат болуына байланысты жақын тартқан шығар. Халқымызда «Ит – жеті әулиенің бірі» делінген, иесіне адалдық танытқаннан болар, қазақ итті жеті қазынаның біріне қосқан, сондықтан да ит қазақша саналатын жыл атауына енген. Өлкеміздегі қазақтың кең таралған асыл тұқымды иттің бірі – құмай тазы туралы зерттеу, оның шығу тегін анықтап көрсету және туған жеріндегі өз ұлтының салт-дәстүрінің бірі - қазақтың «ең жақсысы тазы» деген жағдайын көрсету, тазыны қазақтың аңшы иті ретінде әлемге таныту, өзінің иесіне адал екенін, өмір бойы адаммен бірге - соғысты, шапқыншылықты, Ұлы ашаршылықты бірге өткізген осындай құнды текті тазы иттің мүлдем жоғалып, қорғаусыз қалмауын, қазақ халқының салт-дәстүрінің ұлттық мәдени мұрасын сақтау барысында, Бестөбе кентінің № 1 орта мектебінің 3 «А» сынып оқушысы Аренова Венераның таңдап алған ғылыми жұмысының тақырыбы мен мақсаты еді.

 

Елбасының өзі 2004 жылғы «Мәдени мұра» атты мемлекеттік бағдарламасында былай деген екен: «мәдени мұраны, соның iшiнде қазiргi таңдағы ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудiң тұтастай жүйесiн жасау керек» деген екен, сондықтанда еліміздің ұлттық мақтанышының бірі тазыларды өсіру, оны мемлекеттің қамқорлығына, қорғауына алу, айрықша заң қабылдау мәселесі жөнінде Венера өзінің ғылыми жобасының басты мақсатына алды.
Жұмыс барысында түрлі жұмыстар жүргізді. Көптеген мәліметтер іздеп, өзінің сыныбында сауалнама жүргізіп өзіндік талдау жасады, мектеп кітапханасына барып, орталық кітапханасына барып түрлі мәліметтер жинады, фотосуреттерге түсіріп, баннер, кітапша жасады.
Сонымен қатар өзі тұратын Бестөбе кентіндегі Алпысбаев Сайкен, Ахметов Әқажан, Садықов Серік, Шаимов Мүшелтай атты отбасыларындағы асырап, бағып отырған тазы ит жайында кездесіп, иелерінен сұхбат алды.
Ұлттың ұмытыла бастаған төл өнері жандану үстінде. Тазы ұстау – қазақтың қанына сіңген қасиет. «Еттің бәрі қазы емес, иттің бәрі тазы емес» - дейді Әділхан Төкенов «Тазы» федерациясының кеңесшісі. Қазақтың тазысы көптеген ақын жазушылардың өлең-жырларына арқау болған. Қазақ аңызында ит ала қаздың жұмыртқасынан жаралған делінеді. Қазақта «құмай тазы» шамамен 2000-2500 млн. жылдар бұрын пайда болды.
Қазақтар тазыларды аң қағушылық сипатына қарай бірнеше топқа бөледі екен: Қасқыр алатын, қоян алатын, түлкі алатын. Олар жүйрік, таза, батыл, ақылды, сүйкімді болып келеді.
Тазының құнына тоқталатын болсақ: 1917 жылдары қара базарда 1 тазыға 47 жылқы берген екен, 1937 жылдары 37 жылқы, 1947 жылдары 1 тазыға 27 жылқы берген екен. Тағы бір қызығы тұрмысқа шыққалы қыздың қалың мал орнына 1 тазы ит берген екен. Ал қазіргі кезде қара базарда тазының құны 300 доллар тұрады екен.
Тазының саны жылдан жылға азайып келе жатыр, кинологтар есебі бойынша: 1939 ж – 7000 тазы болса, 1990 ж. – 3000 тазы, 2005 ж.-700 тазы, 2012 ж. -300 тазы ғана қалды.
Венераның ойынша асыл тұқымның жоғалып кетпеуі үшін мемлекет ертеден келе жатқан дәстүрімізді сақтап қалу үшін осындай жұмыстар жүргізсе екен дейді: тазы иттің иелеріне жәрдем жасап (тамағына, тазалық орнына); селекция жасап, көбейту жұмыстарын жүргізуге көп назар аудару керек; дәрігер – ветеринарлар уақытында бұл иттердің денсаулығын тексеріп егу вакцинациясын жүргізу керек; қазіргі кезде тазы иттердің ұлттық құндылықтары жойылып, қазақы тазы «Қызыл кітапқа» енудің алдында тұр, сондықтанда текті иттерді атуға тыйым салыну керек.
Өкінішке орай осы мәселеге қазақ қоғамының атқарушы органдары еңжарлық танытып жүрген жайы бар. Мәселен, көзі ашық жұртшылық көкпарымызды – қырғыздардың ұлттық ойыны десе, қымызымызды – немістер ұлттық тағамы десе, қазыны – жапондар ұлттық тағамы деп халықаралық ұйымдардан құжат алып алған.
Олай болса, біздің ел көңіл аудармаса, ұлтымыздың ата-бабадан үзілмей келе жатқан тектігіне сай, даланың сері көңілін түсіне білетін ор-намысты, салтанатты, білімді-білікті биік жандар ғана ұстай алатын жеті қазынаның бірі боп саналатын қазақ тазыларының ертеңі не болмақ?- деп кіп-кішкентай Венера терең ойланып қалалық «Зерде» ғылыми практикалық конференциясына қатысып, жұмысын үздік қорғап ІІ дәрежелі дипломға ие болды.

Гүлназ ҚҰСАЙЫНОВА,
Бестөбе кентінің № 1 ОМ кітапханашысы

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер