BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Темекі сатқанға - айыппұл

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 114-бабында он сегіз жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын сату және олардың сатуы - жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық бес айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл әкеп соғады.

Осы баптың бірінші белгісінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет - жеке тұлғаларға - он, қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоқсан айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады делінген.

2012 жылы сәуір айында жасөспірімдер профилактикалық іс-шарасы кезінде   Егіндікөл ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Х-деген азамат сатуда тұрған екі қорап темекі бұйымдарын жасы кәмелетке толмаған 8-сынып оқушысына сатқан. Оқиға бойынша  құқық бұзушы Х-деген азамат үстінен 2012 жылдың 24 сәуірінде жинақталған әкімшілік материал аудандық сотта қаралып, ҚР ӘҚБК-нің 114 бабының 1 бөлігіне сай әкімшілік жаза ретінде бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 8090 теңге айыппұл салынды.

Алдағы уақытта жеке кәсіпкерлердің жасөспірімдерге темекі бұйымдарын, спирттік ішімдіктерді сатпауға шақырамын.Әр дүкеннің, сауда орындарының көрнекті жерлеріне жасөспірімдерге темекі, 21 жасқа толмағандарға арақ-шарап, сыра сатылмайтындығы туралы хабарлама ілінсе жақсы болар еді?!

 

 

Нұркен ШАМҒАЛИЕВ,

аудандық ішкі істер бөлімі бастығының

орынбасары, полиция майоры


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер