BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ТУҒАН ЖЕРГЕ ТУЫҢДЫ ТІК

Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында туған жерге қатысты келелі ойлар айтты. Мемлекет басшысы қазақ елін көркейтіп, ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Елбасының бастамасын қазақстандықтар, оның ішінде жастар жағы жылы қабылдап, оны жүзеге асыруға барын салуда.

ші қыркүйек аралығында Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысының жастар ресурстық орталығы КММ-ң және «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастыруымен Ұйғыр ауданының Қырғызсай ауылындағы «ЕСО park tour» демалыс орнында «Туған жерге туыңды тік» атты ауыл жастарының форумы өтті.
Аталмыш шараға Алматы облысы әкімі-нің орынбасары Жақсылық Омар, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев және Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Айдын Нұрмұхамбетов сондай-ақ, облысымыздың барлық аудандарынан жиналған 200-ден астам жас қатысты. Олардың қатарында Жамбыл ауданының белсенді жастары Қымбат Байсариева, Тұрар Батырбаев, Дарын Тұрғынғали, Толғанай Добай, Ақерке Қырғызбаева, Алина Қожамқұл, Әйгерім Әбу, Ардақ Сағай сынды әртүрлі кәсіптің тұтқасын ұстаған ауылдың азаматтары болды.
Шара барысында жастар рухани жаңғыруға байланысты әртүрлі тақырыптағы жігерлендіретін тренинг сабақтарында дәріс алып, өздеріне керекті көптеген мағлұматтармен қанықты. Сонымен қатар, Жақсылық Мұқашұлының бастауымен жиынға қатысушылар әйгілі Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік доғасына кіретін Кетпен жотасының басына шығып,көк байрағымыз бен «Рухани жаңғырудың» эмблемасы белгіленген туды тікті. Келесі кезекте облыс әкімінің орынбасары Ж.Омар жүздесуге келген жастармен
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына байланысты жас ұрпаққа тәрбие беру мәселесі және олардың қоғамда алатын орны жайлы ашық сұхбат жүргізді. Жалпы екі күнге созылған іс-шарада жастар өзін жақсы сезінуі үшін толық жағдай жасалды.
Жиын соңында, жиналған жастардың белсенділері сахнада өздерінің өнерін көрсетіп, өзара байқауға түсіп, рухани азық алып, мол әсерге бөленді.


Мадина ТОҚТАСЫНОВА.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
28 Желтоқсан 2018, 08:57
Бүгін менің туған күнім
Пікірлер