BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ОҚШЫ АТАДАН ҚОРҚЫТ КЕСЕНЕСІНЕ ДЕЙІН

Жуырда аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша «Үміт» мүгедектер қоғамдық қорының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі азаматтар Қорқыт ата кесенесіне барып, зиярат жасап қайтты.

Жұма күні ұйымдастырылған сапарға екі қоғамдық көлік тартылыпты. Жол- жөнекей мүмкіндігі шектеулі жандардың денсаулығын бақылау үшін медицина саласының мамандары арнайы ерген. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері Шиеліден шыққаннан Қармақшыға барып қайтқанша жолбасшы болып отырды. Сапар барысы алдымен жеті әулие байыз тапқан «Оқшы ата» мазаратынан бастау алды. Киелілер ордасындағы «Есабыз ата» мешітінде аруақтарға арналып құран оқылды. Сонан соң қайта жолға шыққан саяхатшылар Қармақшы ауданында орналасқан «Қорқыт ата» кесенесіне ат басын бұрды.

Екі арада 3-4 сағаттық жолдың жатқанын тілге тиек еткен жөн. Жеткенше жолдың жағасынан түрлі әсерлі де әсем табиғатты тамашалауға болады. Дәндерін ктере алмай бастары иіліп тұрған күріштің сарғыш тартқан түрі қоңыр күздің келгендігінен хабар беріп тұр. Диқандар қауымы ала жаздайғы еңбектің нәтижесін көру үшін берекелі німді бірлікпен жинау үстінде екен. Сары алтындай жалт-жұлт еткен Сыр салысын орып жүрген комбайн жазық далада жүзетін кеме секілді. Ал, күрішті тасып жүрген машиналар еңбеккерлердің байлығын қырманға апарады.

Бұл кереметті сөзбен рнектеп, тілмен айтып жеткізу қиын. Шиеліден шыққаннан Қармақшыға жеткенше ең әсерлі көрініс осы болды мен үшін. Осылай Сыр күрішшілерінің жұмысына таңғалып келе жатқанда алыстан мен мұндалап «Қорқыт ата» кесенесі көрінді. Жолдың екінші бетінде қонақ үй, дәмхана, жанармай бекеті бой көтерген. Аталмыш кесене 2014 жылы Елбасының бастамасымен қайта жаңғыртудан тіпті. Кіре берісте музей орналасқан. Мұнда күллі түркі қауымына ортақ тұлға саналатын Қорқыт атаның өмірі жайлы мәлімет алуға болады. Онда тарихи жәдігерлердің қатарын толықтырып тұрған бірнеше баға жеткісіз экспонаттар бар. Сәл жоғары көтерілсең қобыздың үні желдей үріп құлаққа келеді. Кесененің тменгі жағында тілеухана орналасқан. Мұнда келушілер Аллаға сиынып тәу етіп, ашық аспанның астында осыншама кереметке орын берген құдірет иесіне еріксіз бас иеді. Осы күнгі сапарға шыққан мүмкіндігі шектеулі азаматтар алған әсерлерін көпке дейін айтып жүретіні сөзсіз.

Азиз БАТЫРБЕКОВ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер