BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өнеге - отбасынан

Май ауылдық мектеп кітапханасында отбасы күніне орай «Өнеге - отбасынан» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мәдени іс-шараға 2-3 және 4-сынып оқушылары белсене қатысып, өз ойларымен бөлісті. Кітапханашы Б.Балтабаева отбасы туралы әдеби кітаптарды насихаттап, отбасы құндылықтарын дәріптейтін кітаптарға назар аударды.

Бастауыш сынып мұғалімдері Р.Жекенова, Ж.Қасымова, А.Шланова ата-аналар мен балалар арасындағы сезімді қалай нығайтамыз деп оқушыларды пікір таласқа шақырды. Оқушылар өз көзқарастарын, пікірлерін еркін жеткізді. Нәтижесінде, бала бойында ата- аналарына деген сенімділіктері нығая түскені байқалды. Кездесу соңында оқушылар бір-біріне шаттық шеңбері бойынша жақсы тілектерін білдірді.

Б.Балтабаева, Май ортамектебінің кітапханашысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер