ЖАРГОННАН  ҚҰРЫЛ ҒАН ЖАРЫМ СӨЗДЕР - Қоғам|16 Тамыз 2016, 11:13
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ЖАРГОННАН  ҚҰРЫЛ ҒАН ЖАРЫМ СӨЗДЕР

Фото: sobinam.ru

– Салют! – Сəлем! – Каксын? – Аллаға шүкір, жақсымын. Өзіңіз? – Нормалек қо, нестеватсн? – Жұмыс жасап отырмын. – Мен сол отқан, тв көріп...

Осылай жалғаса береді. Қазіргі жастардың тек жүріс- тұрысы, киім киісі ғана емес, олардың тілі де өзгешеленіп барады. Ана тіліміздің өте бай сөздік қорындағы сөздерді аздық еткендей орыс тілін шұбарландырып, оған жаргон сөздер жасап алған. Таңертеңнен кешке дейін əлеуметтік желілерде отыратын олар шұбыртып жазуға ерінеді ме, əйтеуір, қысқа, жаргондатып жазуға құмар-ақ.

Кез келген тілдің лексикасы əдеби жəне бейəдеби болып екіге бөлінетіні белгілі. Осы бейəдеби тілге жастардың жаргондары мен сленгтерін де жатқызуға болады. Жаргон сөздері бір əлеуметтік немесе қызығушылығы ортақ топтардың басқаларға түсініксіз, құпия мағынада сөйлесуі. Ал, сленг – белгілі бір ап- тада қолданылатын, қалыпты тілден ауытқыған, мысқылды сөздерге жатады. Бүгінгі жастар сленгтер мен жаргондарды əртүрлі себептерге байланысты қолданылады. Мəселен, əсер қалдыру, елден ерекше болу, өзгелер түсінбеу үшін, қандай да бір əлеуметтік топқа жататынын көрсету, кейде əзіл ретінде де айтып жататын- дары бар. Міне, жаһандану заманында ешбір сүзгіден өтпеген ақпараттар тасқыны ағылып, жастардың көзін тұмандандырып, санасын уландырып барады. Бүгінгі жасөспірімнің арасында тіл байлығының нашарлығынан дейміз бе, əйтеуір, бір сүреңсіз сөздер өршіп тұр. Оған өздерінше «жаргон ғой» деп, айдар тағып əлде қандай болатынын қайтерсіз...

Енді сол жаргон сөздеріне мысал келтіре кетсек, «дүкенге барсаң, ішетін сусын əкеле салшы» деудің орнына «магазиннен сущняк ала салшы», «кешкісін қолың бос болса, үйге қонақ болып кет» сөзінің орнына «кешке если че маған қарай тартыл», «ата- анаң білмей ме?» деп сұрар болса, «мамка-батялар в курсе?» деген неше түрлі сөздер бар. Сондай-ақ, өскелеңнің арасында «тормозсың», «құлаққа лапша ілді», «жынды болып кетіпсің», «тартылсай», «қаяқтасың», «не ғо», «мамбет» тағы да басқа осындай құлаққа түрпідей естілетін сөздер жалғаса береді. Тəрбие, тəртіп шектеу болмаған жерде осылай кете берері анық. Ол екеуі отбасынан бастау алады. «Баланы жастан» дегендей, əрбір ата-ана жастайынан оқуға, дұрыс, əдепті сөйлеуге баулуы керек. Бірақ, өкініштісі, дəл осы сөздерді естігенде, «Балам, қазақ тілін қорлағаның не? Біздің əдемі сөздеріміз тұрғанда, бейəдеп сөздерді неге қолданасың?» деп ақыл айтатындар бар ма?

Алайда, ана тілінің болашағына ұлт тағдыры мен еліміздің ертеңі байланысты екенін көп ата-ана біле бермейді-ау...

Тіл үшін күресіп, оның құндылығын дəріптеген кешегі Алаштың арыстары бүгінгі ұрпаққа қазақ тілін аманат етіп кетті емес пе? Кез келген қоғамның ең белсенді бөлігі саналатын жастарымыздың сөйлеу мəнері мен санасы осылай қалыптаса бастаса, біз қайда бармақпыз?

Əріптері түсіп қалған не- месе қысқарған жаргондардан бөлек, кəдімгі сөйлеу стилімізде де орыс тілінің компоненттері шұбырып жүр. Өзге емес, өз қолымызбен тілімізді былғап, шұбарландырғанымыз жастар санасына намыс пен ұлттық рухтың оянбауы өкінішті-ақ. Сонымен қатар, олардың тілінің арасында көбіне «ң» əрпі білінбейді. Тіпті, «н» мен «ң» əріптерін айыра алмайтындары да жиі кездеседі. Бəлкім, біздің күнде лікті тіршілігімізге əлеуметтік желілер дің сіңіп кетуінен болар? Себебі, көп жағдайда хат алмасушылар ағылшынша немесе тек орысша əріптермен ғана тілдесуге дағдыланған. Сондықтан, алдағы уақытта «ə», «ө», «ү», «ұ», «ң», «қ», «ғ» əріптерінің саусақтан да, көзден де, мидан да шығып қалуы ғажап емес. Кемшіліктерді тізбелей бер- сек, ақырына жетпеспіз. Сол себептен қазақ жастары үшін қазақша дыбыстарға қайта оралу, сонымен бірге, тілдік қорды ұлғайтып, сленг пен жаргон сөздерден арылу, ойдағы сөйлемді орысша құрап, оны қазақ тіліне сөзбе-сөз аударудан алшақтау мəселелері өте өзекті күйде тұр. Осы мəселеге орай біз жастар тəрбиесіне жауаппен қарайтын ұстаз- дың ойын білгенді жөн санадық.

Асылай Аманқызы, тіл маманы: – Жастар арасында қолданылатын көңілге қонымсыз, құлаққа жат жаргон сөздер бүгінде олардың санасын улап бара жатыр. Мұны баланың сөздік қорының аздығынан дейміз... Нəрсіз сөздер белең алып тұр. Айталық, сұлу қыз, əдемі көлікті көргенде жас- тар көбіне «жынды қыз екен», «жынды көлік екен» деп таңданып жатады. Мұны кешегі көнекөз қариялар естісе, «тəйт, жын деп айтпа, пəле-жəле үйір болады» деп тыйып тастар еді. Тіл тазалығын, оның мəдениетін сақтау үшін баланы жастайынан дұрыс сөйлеуге үйрету керек, – деді ол. Иə, болашақ бүгіннен басталады. Ендеше, қазақ тілге деген сүйіспеншілікті, құрметті арттыра түскенде ғана, тіліміздегі жаргон сын-ды жағымсыз сөздерінің жойылуы хақ. Ғабит Мүсіреповше айтсақ, «Ана тілі дегеніміз – сол тілдің жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мəңгілік мəселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана оны аяққа басады» деген.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер