BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жалғас атамның жалғасымын

Жалғас атам осы өңірде өмір сүрген Аманбай ұстаның баласы. Күнкөріс қамымен Қарақұмдағы Тыраңбай деген байдың малын бағып жүрген 26 жастағы жас жігіт 1916 жылы Қабылан- ның көтерілісшілеріне қосылады. Мұнда оның ауылдасы Диханбай бар екен. Содан олар Аманкелдінің тобына барады. Далада шыңдалып өскен Жалғас атам мылтық ату мен қылыш шабуға тез машықтанып, жауынгер жасақшыға айналады. Келесі жылы ол Ақтөбедегі қызыл партизандар тобына қосылады. Ол мұнда қармақшылық жас жауынгер Оқас Жарылқасынов екеуі 1921 жылға дейін бірге болып, ақтарға қарсы талай жорықтарға бірге қатысады. 1919 жылы құрылған №49 қызыл дивизияның құрамында болған Жалғас Аманбайұлы 1921 жылы ауылға қайтқанда азып-тозып қайда барарын білмей қашып жүрген 105 үйлі кедейлерді елге ерте келеді. Елді колхоздастыру кезінде ол "Ақбел" деген артелді құрушылардың бірі болды. Отызыншы жылдардың басында голощекиндік асыра сілтеудің салдарынан болған ашаршылық кезінде "Дауылкөл", "Қотыр" деген көлдерден балық аулап, ағайындарын ажалдан арашалап қалған екен. Ұлы Отан соғысы басталғанда тылдағы еңбек жасағы қатарында болған Жалғас атам көмір шахталарында еңбек етеді. Ал, 1944 жылы Донбасс жаудан азат етілгеннен кейін оны қалпына келтіруге белсене қатынасады. Осы еңбегі үшін бірнеше медальмен марапатталған атам 1945 жылы елге оралады. Ауылға келгеннен кейін өзінің сүйікті кәсібі - ағаш өсірумен шұғыл- данады. Бұрынғы Қазақстанның 30 жылдығы атындағы колхозда оның өз қолымен қсірген "Жалғас талы" деп аталатын үлкен бау бар болатын. Атам 1977 жылы мәңгілік сапарға аттанды. Атамның есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

Айым ҚАРШЫҒА, №28 мектептің 7-сынып оқушысы. Қармақшы ауданы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
06 Қазан 2016, 12:32
Атамның басы-ай...
Пікірлер