Тұрғындар тілегі орындалуда - Қоғам|07 Қараша 2016, 09:47
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тұрғындар тілегі орындалуда

СӘРСЕНБІ КҮНІ АЛҒА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ҚАРАСТЫ ЖАЙСАН АУЫЛЫНДА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ТҰРСЫНБАЙ ХАЛЫҚ ӨЗ САЙЛАУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ. КЕЗДЕСУГЕ АУДАН ӘКІМІ РҮСТЕМ ДӘУЛЕТ, ОНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛАН ЖАҚСЫБАЕВ, АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ ЕРЖАН ӨМІРӘЛИЕВ, АУДАН ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ ЕРБОЛ АЙМАМБЕТОВ, АЛҒА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ ЕРБОЛ ҚОСАХОВ, «АУЫЗ СУ ШУ» КМК ДИРЕКТОРЫ ТОҚТАР РАЙЫМҚҰЛОВ, ЖЕРГІЛІКТІ ҚАУЫМДАСТЫҚ ЖӘНЕ БАҚ ӨКІЛДЕРІ ҚАТЫСТЫ.

Қарашаның алғашқы әрі шуақты күніндегі кездесу Жайсан орта мектебінің ауласында өтті. Жиналғандар алдында сөз сөйлеген аудан әкімі Рүстем Дәулет ауыл тұрғындарын әуелі алдағы мерейтоймен құттықтап, 25 жылда ауданымыздың жемісті жетістіктері аз еместігін атап өтті. Расында, ауданымыз 25 жылда айтарлықтай дамыды. Жүргізіліп отырған мемлекеттік бағдарламалар арқылы ауылдарда кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы, жалпы әлеуметтік-экономикалық ахуал әлдеқайда жақсарды. Дегенмен, Рүстем Рысбайұлы атап өткендей, алдымызда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ел даму- ына бағытталған тапсырмаларын жүзеге асыру аясындағы отандық эко- номиканы өрістету, кәсіпкерлік және әлеуметтік саланы дамыту жолында атқарар істер аз емес. Осыдан кейін сөз кезегі еңбек ардагері, Құрметті теміржолшы, «Құрмет» орденінің иегері, облыстық мәслихат депутаты Тұрсынбай Халыққа берілді.

Ол Жайсан ауылының тұрғындарына өзіне сенім білдіргендері үшін алғысын жеткізіп, олардың әруақыт еңбекқор, ұйымшыл, тату қалыптарымен мақтана алатынын атап өтті. Халық қалаулысы айтып өткендей, Қазақстан тәуелсіздік жылдарында зор жетістіктерге қол жеткізіп, әлем елдеріне та- нылды. Елдің экономикалық өмірінде де үлкен өзгеріс орын алды. Өтпелі кезеңде көптеген үйлердің жарықсыз отырғаны да халық есінде. Қазір сол күндерді еске ала отырып, бүгінімізге шүкір етудеміз. Алда атқарылатын жұмыстарға тоқталған Тұрсынбай Нұрғалиұлы ауылға апаратын жол- дарды жөндеу, басқа да ауыл тұрғындары үшін өзекті істердің шешімі табылатындығын жеткізді. Бұл тұста ол кездесуге қатысып отырған «Ауыз су Шу» КМК директоры Т.Райымқұловқа осы ауылға жаңа су мұнарасын орнатуға жәрдемдескені үшін ризашылығын білдірді. Мұнан бөлек, аудан басшысына ауыл жастарының спортпен күнделікті айналысулары үшін ауылда спорт залы ашылса деген ұсынысын жеткізді. Ауылдағы жайылым жерлердің аздығы да депутат назарынан тыс қалмай, бұл мәселенің де шешімін табуына қолдау көрсететінін айтты. Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға халық қалаулысы мен аудан басшысы тұщымды жауаптар қайырды. Жиынды қорытындылай келе, Рүстем Рысбайұлы мемлекетіміздің жеткен жетістіктері, біздің бейбіт әрі мазмұнды өміріміз ел тәуелсіздігінің жемісі екендігін тағы бір атап өтті. Сондықтан біздің әрқайсысымыз баға жетпес байлықты өскелең ұрпаққа қалдыру үшін, ел тәуелсіздігінің іргесін бекітуге ерінбей еңбек етуіміз қажет.

Р.ХАЙРУЛЛИН. Суретте: Жайсан ауылының сайлаушыларымен кездесуден көрініс. Сурет автордікі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер