BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Түлектер шықты қанаттанып...

Биылғы жылы Арқалық қаласы бойынша 317 түлек алтын ұяларымен қоштасып, үлкен өмірге қанат қақты. Түлектердің қанаттануы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Қостанай облысының 80 жылдығы, Арқалық қаласының 60 жылдығы мерейтойларына дөп келіп отыр. «Жігер» стадионында өткен жалпы қалалық мектеп бітіру кешінде қала әкімі Ғазиз Бекмұхамедов түлектерге ақ жол тілеп, үздік белгі иегерлеріне облыс әкімінің Алғыс хаты мен сыйлықтарын салтанатты түрде табыс етті. Қаланың білім беру деңгейі жыл сайын жақсарып келеді. Арқалықтықтар ҰБТ рейтингі бойынша облыста екінші орынға тұрақтады. Жинақталған орташа балл 82. Өткен жылғы бұл көрсеткіш 74 болатын. Тест тапсырушылардың 49%-ы жоғары жетістікке қол жеткізді. 54 түлек 100-ден астам балл жинады. 5 түлек «Алтын белгі» иегері атанды. Олар: Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның түлектері Назым Файзолла, Елдос Мұқатай, Ләтипа Ерболат, №1 мектептің түлегі Асылбек Жақыпов, №4 мектептің түлегі Адина Фазыл. Сондай-ақ, гимназия түлегі Хиваз Бейсенбекова мен А.Құнанбаев атындағы №6 мектептің түлегі Гүлзат Әмірхан білім бәйгесіндегі жоғары жетістіктері үшін сынақ тапсырмай-ақ грант жеңімпазы атанды.

Арқалық қаласы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер