BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ТҮЙТКІЛДІ МӨСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Дүйсенбі куні аудан әкімдігінің кіші залында Қоғамдық кеңестің 6-шы отырысы болып өтті. Отырысқа аудан әкімі Қ.Бисембаев және орынбасарлары, қала, ауыл округтерінің әкімдері, бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Кеңес отырысының төрағасы Тұрсын Оспанов жиналғандарға күң тәртібіндегі бірінші мәселе «Жер қатынастары заңнамасын жетілдіру туралы» баяңдама жасады. Содан кейін Тұрсын Молдағалымұлы кеңесте көтерілген келесі: «Қаратал ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатыңдағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы»,«Қаратал ауданындағы аз қамтылған отбасыларға, (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқыңдау туралы», «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» мәселелер бойынша баяңдамашыларға сөз берді. Мінберге көтерілген Қаратал ауданының жер қатынастары Бөлімінің басшысы С. Қосжанов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары А.Қарымсақова және Бастөбе ауылдық округінің әкімі Э.Ким тиісті баяндамалар жасап, қатысушыларға мағлұмат беріп өтті. Жиналғаңдар тарапынан сөз сөйлеушілерге салмақты сауалдар қойылып, ұтымды жауаптар берілді. Қоғамдық кеңестің күн тәртібіне енгізілген мәселелер жан-жақты қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Жиынды Тұрсын Оспанов қорытындылады.

Өз тілшіміз


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер