BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Туған өңір – тұнған сыр

Биылғы жылы нан мен дәннің, жыр мен әннің мекені Солтүстік Қазақстан облысының құрылғанына 80 жыл толып отыр. 1936 жылы алғашқы іргетасы қаланған облыс орталығының бүгінгі таңда көрікті келбеті, айрықша айбары бар. Осы орайда 11 қараша күні аудандық Мәдениет үйінде «Туған өлке – тұнған сыр» атты салтанатты іс-шара болып өтті. Шараның басты құндылығы – Солтүстік Қазақстан облысының Тәуелсіз Қазақстанның дамуына, өрлеуіне қосқан үлесінің молдығы мен елдің әлеуетін арттырудағы барлық бағдарламалар мен шараларға белсене араласуы болды.

Аудан халқы үшін, облыс халқы үшін ерекше, атаулы бұл күні айыртаулықтарды құттықтаған аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Ағзам Тастеміров көпжылғы адал еңбегі, облыстың әлеуметтік- экономикалық және мәдени дамуына қосқан зор үлесі үшін және Солтүстік Қазақстан облысының құрылғанына 80 жыл толуына орай облыс әкімінің Құрмет грамотасымен Бурабай Жапаровты, Алғыс хатымен Идея Смирнованы және «Златогорка» ЖШС механизаторы Юрий Зубковскийді марапаттады. Сондай-ақ, облыстың әлеуметтік- экономикалық дамуына жоғары үлес қосқаны, қоғамдық өмерге белсене араласқаны үшін және Солтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығы мерекесіне орай аудан әкімінің Құрмет грамотасы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйге әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі Ақлима Ахметжановаға, еңбек ардагері Сапар Ешмұханбетовке, Айыртау орталық аудандық ауруханасының фтизиатр-дәрігері Бақытжан Жұмабаеваға, ауданның психологиялық- педагогикалық өңдеу кабинетінің меңгерушісі Айгүл Қаппасоваға, Айыртау орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Александр Коровинге, аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспек- торлар тобының учаскелік полиция инспекторы Мұратбек Рамазановқа табыс етілді. Ал аудан басшысының Алғыс хаты Ш. Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи- этнографиялық мұражайының экскурсово- ды Нұргүл Құлбаеваға, еңбек ардагерлері Сырымбет Мұстафинге, Ольга Рыжоваға, Виталий Шурупченкоға және жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Айыртау мектеп-интернатының тәрбиешісі Қайратбек Сүйіндіковке берілді. Салтанатты шараны ауданның көркемөнерпаздар ұжымының мерекелік концерті жалғастырды.

Мақпал ӘЛМАҒАНБЕТОВА, Суретті түсірген автор.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
28 Желтоқсан 2018, 08:57
Бүгін менің туған күнім
Пікірлер