Сан ғасырлық тарихы бар ұлы дала қойнауында тылсым күштің барын сезетінмін. Құдіреті шексіз жаратушының бізге де берген жақсылығының ұшан-теңіз екеніне көз жеткізер ұрпақтың боларын да білетін едім. Басына бақ қонған, жанына нұр тұнған тəу етер Тəуелсіздік таңының атары хақ еді! Арман мен мұратын жанына жалау етіп, ынтымақ пен бірлікті татулықтың ұйытқысына айналдырып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып сан ұлтты бауырына басып, биік шыңға қанатын жайған менің елім- Ұлы Қазақстан! Ұлы сөзі кез-келген жағдайда айтыла бермесі анық! Осы сөздің парқына жету үшін сан ғасыр шаң басқан тарих беттеріне көз жүгірткен абзал болар. Алғаш рет Жəнібек пен Керей хандардан бастау алып, 500 жылдан астам тарихтың куəсі болған осынау кең-байтақ дала ненің куəсі болмады десеңізші! Жоңғар шапқыншылығы кезін- дегі батыр бабалардың бастауы кейіннен ақын-жазушыларымыздың қаламының ұшынан табыла білді. Тəуелсіздік жолындағы 1986 жылғы өрен ұлдар мен намысын берік ұстаған қыздарымыздың жанын қиғаны да ақиқат. 1991 жылы желтоқсан айымен бірге жыл құсының жаршысындай болып тəуелсіздік таңы атты. Өзімен бірге қазақ еліне бақ құсын ерте келді.
Содан бері ширек ғасыр уақыт өтті. Талай-талай асулардан асып, еліміз саясат аренасының биік шыңына шықты. Еліміз қай салада болмасын алдыңғы қатарлы елдердің қатарынан бой көрсетіп, тереземіз өзгелермен теңесіп, түтініміз түзу ұша бастады. Экономи- касы қарыштаған, білім мен ғылым саласында жетістіктерге жеткен, спорттан биік белестерді бағындырған, мейірбан , қонақжай халқы бар қазақ елінің мəртебесі бүгінгі күні əлем алдында өзінің тұғырына көтеріліп, мəртебесіне ие болды. Жаңа уақыт , жаңа күн, жаңа ғасыр, Жарқырап жұлдыз болып бара жатыр. Жаһандану жолынан қалыс қалмай, Жақсы болу бұл күнде санада тұр. Жазиралы, жап-жасыл даласы бар, Жайнаған, жарқыраған қаласы бар. Жар құлағы жастық көрмей елім деген, Жұрты үшін Нұрсұлтандай панасы бар. Осы, орайда алдымен санама Елбасының «Қазақстанның болашағы білімді жастардың қолында» - деген өсиет сөзі келеді. Елім үшін, жерім үшін, ұлт болашағы үшін мен не істедім деген сұрақ менде де туады.
Иə, мен елімнің болашағы үшін аянбай қызмет етіп, ел ертеңі – білімді жастар тəрбиелеуде өз үлесімді қосып келемін. Алдыма келген əрбір шəкірттің жанына терең үңіліп, ол тек біліммен ғана сусындап қоймай, жұрттың қамын жейтін, ұлы Абай айтқандай атаның емес, адамның баласы бо- луын қалаймын. Қанатын көкке қомдап, заңғар көкке ұмтылған Қазақ елі жасасын! Мəңгілік елдің мəңгілік ұрпақтары өз қолымен алған тəуелсіздік байрағы бейбіт аспанда желбірей берсін!
Төлепберді Сатира, «Нұр Отан» БПҰ, Сарыөзек ауылы
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!