BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Таксилер тегін тасыды

Рамазан айының құрметіне орай Рудныйда тегін такси қызметі ұсынылды. Бүгінде он шақты адамнан туратын еріктілер күні бойы тұрғындарды кеншілер қаласынан Қостанайға дейін тегін жеткізіп салуда. Қалалық "Нұр" мешітінің ұйымдастыруымен қолға алынған дәстүрлі шарада имам Сейіт Темірбекұлы жолаушыларды жылы лебізбен қарсы алып, оларға сәт-сапар тіледі. - Сауапты амалға үлес қосып жатқанымызға қуаныштымыз. Қасиетті айда үлкен кісілердің батасын алудың өзі көңілге ерекше жылылық сыйлайды екен. Бул біздің қызметтік тапсырмамыз болса да, көптің алғысын иелену үшін ерекше ынта танытамыз. Көлік салонында жайғасқанның барлығын Алла разылығы үшін үйлеріне жеткізіп саламыз, - дейді такси жүргізушілері. Жамағат үшін жасалып жатқан қолайлы жағдайлар аймағымыздағы діни тұрақтылыққа қосылған үлес болса керек. Рамазан айындағы қайырымдылық шаралардың ұрпақ бойына имандылық нұрын дарыта түсеріне сенім мол.

Рудный қаласы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер