ТƏУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН 25 ЖҰЛДЫЗДЫ КҮН АЯСЫНДА ҮШІНШІ ЖЕЛТОҚСАН КҮНІ САРАН ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ОЛИМПИАДАЛЫҚ РЕЗЕРВТЕГІ СПОРТ МЕКТЕБІНДЕ 2004-2005 ЖЫЛДАРЫ ТУЫЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ФУТБОЛ БОЙЫНША АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТі.
Оған облыс бойынша спорт мектептерінің 75 тəрбиеленушілері қатысты. Өткізілген спорттық шара қорытындысы бойынша І-орынды Қарағанды қаласының «Жастар-Доскей» командасы жеңіп алса, ІІ-орынға Саран қаласының БЖОРСМ-1 командасы, ІІІ-орынға Саран қаласының БЖОРСМ-2 командасы ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағаздарымен марапатталды.
* * *
Сонымен қатар, атаулы күн аясында төртінші желтоқсанда «Сұңқар» стадионында 2000-2002, 2003 жылдары туылған жəне одан төмен жастағы жасөспірімдер арасында велосипед спорты бойынша Саран қаласының БЖОРСМ-нің жеке бірін- шілігі өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша 2000-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында І-орынды А. Гуреев, ІІ- орынды И. Демяненко, ІІІ орынды А. Чиканков иеленсе, 2003 жылы туылған жəне одан төмен жастағы жасөспірімдер арасында І-орынды М. Хорошавин, ІІ-орынды В. Жагипаров, ІІІ- орынды К. Бондарев иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге мақтау қағаздары табыс етілді.
Нұрбану БАЙМУХАМБЕТОВА
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!