Ақжайық ЖОББМ жанындағы оқушылардың «Жұлдыз» жазғы демалыс лагерінің жұмысы қыза түсуде.


Ақжайық ЖОББМ жанындағы оқушылардың «Жұлдыз» жазғы демалыс лагерінің жұмысы қыза түсуде.
Кешегі дүйсенбі күні лагерьдің ашылу рәсімі болды. Салтанатты шараны мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Бұлбұл Испанова ашып, оқушыларды көңілді демалыс маусымы басталуымен құттықтады.
Шара барысында мектептің өнерлі оқушылары ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Оқушылар өнерін саз аспабында музыкантымыз Амантай Қосмағұлов ағай сүйемелдеп тұрды.
1-2 кластардың оқушылары сол күннен бастап бірінші кезеңде демалуға кіріскен болатын. 110 оқушыны қамтыған бұл кезеңде тәрбие жұмысына төрт бірдей жас ұстаз бөлінді.
Жалпы осы жолы «Жұлдызда» 1-9 кластар аралығында 353 оқушы демалады. Лагерь демалушыларымен 10 тәрбиеші ұстаз жұмыс істейді. Лагерде оқушылардың қызықты күндері ертеңгілік дене шынықтыру жаттығуларынан басталады. Даталы күндерге байланысты іс-шаралар өткізіледі. Сондай-ақ, балалар тартымды ойындар ойнап, спорттық, мәдени сайыстарға қатысады.
Демалыс лагерінің жұмысы төрт кезеңге бөлінген. Әр кезеңде демалу уақыты бір аптаны қамтиды. Мақсат- оқушылардың лагердегі демалыс күндерін мейлінше көңілді өткізуіне жағдай жасау.
Жанар Жұбандықова,
Ақжайық ЖОББМ-нің тәлімгер-ұстазы
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!