BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТЫ – АУДАНЫМЫЗДА

Тамыз айының 18-19 күндері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің мүшесі Жанат Ануарбекқызы Омарбекова (суретте ортада) жұмыс сапарымен Меркі ауданында болып, мемлекеттік бағдарламалар аясында салынып жатқан құрылыс нысандарын аралап, шаруа қожалықтары өкілдерімен кездесу өткізді.

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыруы керек. Дені сау адамның көңіл- күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау», – деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтауды қолдауда. Осы орайда, Жанат Ануарбекқызы аудандық аурухана маңынан жаңадан бой көтеріп, құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын қалған, 250 келіп-кетушіге арналған емхана жұмыстарымен және ауруханада ем алып жатқан емделушілердің жағдайларымен танысып өтті. Жаңа ғимаратқа қолданып жатқан материалдардың сапасына көптеп көңіл бөлінгенін естіген Жанат Ануарбекқызы құрылысшыларға сәттілігін тілеп, келесі кезекте, 600 оқушыға арналған №9 Савва атындағы орта мектептің биыл маусым айында басталған құрылыс алаңына жол тартты. Құрылыстың сметалық құны 1149325910 теңге, келісім-шарттық құны 952142240 теңге болған құрылыс нысанын аралап шықты. Мәжіліс депутаты, 2003 жылы құрылған, бүгінде 17 гектар жерге жеміс ағаштарын өсіріп отырған «Балабек» шаруа қожалығында аудандағы жеміс ағаштарын өсіріп-өндірумен айналысатын шаруа қожалықтарының жетекшілерімен жүздесті. Кездесу барысында «Совет» ШҚ, «Гүлдер» ШҚ, «Балабек» ШҚ жетекшілері қазіргі таңда аудан көлемінде жеміс ағаштарына шет мемлекеттерден келген бактериялық аурулардың алдын алу жұмыстарын уақытты өткізбей жүргізбесе, ертеңгі күні шаруа қожалық жұмыстары тоқтап қалатынын жеткізді. Сонымен қатар, алма бақтарын, жеміс ағаштарын өсіру үшін кәсіпкерлерге бір аймақтан жерді ыңғайластырып беруді де сөз етті. Ауылды жерлердегі жеміс өсіруші шаруаларға субсидияның жоқтығын тілге тиек еткен «Совет» шаруа қожалығы жетекшісіне аудан әкімі заң талаптарына сай және субсидияны беру талаптарына сай болса, субсидия берілетінін жеткізді. Кездесу соңында сөз алған аудан әкімі Мейірхан Өмірбеков ауылды жерлерде жеміс ағаштарын өсіріп отырған шаруаларға бақтарды суаруға арналған су ұңғымаларын орнатып, тамшылатып суару технологиясына субсидия қарастыруды ұсынды. Кездесуді қорытындылаған Мәжіліс депутаты Ж.Омарбекова жасалып жатқан жұмыстарға көңілі толып, қарапайым шаруашылық мүшелерімен жүзбе-жүз кездесіп, мәселелерді өз ауыздарынан естігеніне қуанып, айтылған мәселелер бойынша шешімін табу жолында жұмыс жасайтынын жеткізді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер