BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Өрлеу» жобасының жетістіктері

Фото: socialvko.gov.kz

Осакаров ауданында 2015 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап «Өрлеу» пилоттық бағдарламасы енгізіліп, бағдарлама аясында түскен өтініштерге шартты ақшалай көмек тағайындалуда. «Өрлеу» - отбасының əлеуметтік белсенділігін арттыру бағытындағы мемлекеттік шартты ақшалай көмек болып табылады.

Орташа айлық табысы жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 60 пайыздан төмен болатын аз қамтылған отбасыларға сонымен қатар жұмысқа қабілетті азаматтарға жұмыспен қамту шараларына қатысқан жағдайда ғана көмек тағайындалады. Осыған байланысты отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамту орталықтары, жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімдері көрсететін жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларына қатысуы «Өрлеу» жобасына қатысудың міндетті шарты болып та- былады. «Өрлеу» бағдарламасы аясында жыл басынан бері ауылдық округтері мен кент орталығында жұмыспен қамту орталығы мамандары мен ауыл округ мамандары жəне асси- стенттер мен консультанттың қатысуымен халықпен кездесулер өткізілді.

Соның нəтижесінде 394 азаматпен əңгімелесу жүргізіліп, буклеттер таратылды. Бүгінгі күнге дейін 31 отбасына (159 адам) 6 айға шартты ақшалай көмек тағайындалды. 29 адам тұрақты жұмысқа, 1 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 1 адам əлеуметтік жұмыс орнына орналастырылды. Мысал ретінде: 2016 жылдың наурыз айында отбасы Осакаров ауданының жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөліміне «Өрлеу» жобасына қатысу мақсатымен жүгінеді. Отбасы Монғолия елді мекенінен көшіп келген. Өтініш беруші тұрақты еш жерде жұмыс істемеген, өз-өзін жұмыспен қамтыған. Сарыөзек селолық округінің тұрғыны Бердхан Врай үш баланы тəрбиелеуші, аз қамтылған отбасы болып саналады. Əйелі Мишел Жанаргуль жұмыссыз, үш жасқа дейінгі бала күтімімен үйде. Бердхан Врай «Өрлеу» жобасына қатысу шеңберінде «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша «Мұрат» жеке кəсіпкерлігіне мал бағушы ретінде жұмысқа орналастырылды. 2016 жылдың 15 наурыз айынан бастап отбасыға 300 012 теңге көлемінде шартты ақшалай көмек 6 айға тағайындалды. Алынған сомаға 2 ірі қара мал сатып алды. Қорытындылай келгенде айтарымыз, «Басты міндет – масылдылықты жою» - дейді ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында. Халықты жұмыспен қамту арқылы «Өрлеу» пилоттық бағдарламасының енгізілуі белсенді саясаттың əлеуметтік негізі болып саналады. Лайықты жұмыспен қамтамасыз ету – халықты əлеуметтік қорғаудың негізі, дамуымыздың басты шарты жəне адамзат мүмкіншілігі қорын іске асырудың жолы, қоғамдық байлықтың өсуі мен өмір сүру сапасын өсіру шарасы болып табылады.

А. ТУЛЕУОВА, Аудандық əлеуметтік бағдарламалар жəне жұмыспен қамту бөлімінің басшысы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер