BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫС САПАРЫ

27 мамыр күні Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов жұмыс сапарымен ауданымызда болып, бірқатар нысандар мен жол құрылысы және көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты. Ең алдымен өңір басшысы Ерік Хамзаұлы «Журавка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егістік алқабына ат басын тіреді. Шаруашылық басшысы Сергей Пономарев облыс әкімімен әңгімелесу барысында қолайлы ауа райының және тәулік бойы тынымсыз еңбек етудің нәтижесінде дән сіңіру жұмысының екі күн ішінде тамамдалуы тиіс екендігін сөз етті. Өз кезегінде Ерік Сұлтанов өсімдік шаруашылығы бойынша мемлекеттік субсидияны қайтару жөніндегі жұмыс жайында айтып берді. Ол, сондай-ақ, агроқұрылым басшы- ларына жұмысшылардың жалақысын көтеру және шаруа қожалықтарына сатылатын шөп пен сабанның құнын арзандату мәселесін қарастыруды ұсынды. Саумалкөлге бет алған облыс басшысы жолда Ақан сері ауылындағы бос тұрған әлеуметтік нысандардың (мектеп, мәдениет үйі, кітапхана) жағдайымен танысып, болашақта ауылдағы бос үйлерге оңтүстік өңірден бірнеше отбасын көшіріп әкелу мәселесіне де тоқталды. Облыс әкімі аудан орталығы – Саумалкөлде ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу жұмыстарының барысымен де танысты. Бұл мақсатқа биылғы жылы бюджеттен 38 млн. теңге қаражат бөлінген. Сонымен қатар, мұнда аумағы 1 мың шаршы метрден астам жабық хоккей қорабшасының құрылысының жұмысымен де таны- сты. Аудан орталығындағы «Мәңгілік Ел» саябағындағы орнатылған тренажерлерді де аралап көрді. Сондай-ақ, ауданымызда жүзу бассейні мен стадион құрылысының жобасымен аудан әкімінің орынбаса- ры Мафруза Науанова таныстырды. Аудандық Мәдениет үйінде болған облыс әкімі Ерік Сұлтановқа ауданның мәденеиет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлнар Өтеулина биылғы жылы аталмыш мәдени ошақтың шатырын жөндеуге бюджеттен 30 млн. теңге қаржы бөлінгенін және жақын арада жөндеу жұмыстары басталатыны жайлы, Мәдениет үйіндегі мұражай жәдігерлерімен, ауданның көркемөнерпаздар ұжымының жұмысымен таныстырды. Облыс басшысы Саумалкөлдегі модульдік жылыту қазандығында да болып, оның келесі қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстарының барысымен де танысты. Бұдан соң Ерік Сұлтанов «Кирилловка - Айыртау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егістік алқабында ауыл шаруашылығы құрылымдары басшыларының және инвесторлардың қатысуымен жерге байланысты негізгі мәселелерді талқылады. Облыс әкімі Кирилловка ауылында сүт қабылдау пунктін ашқан жеке кәсіпкер Олжабай Мұстафинмен де кездесті. Жергілікті кәсіпкер ауыл тұрғындарынан сүттің бір литрін 55 теңгеден сатып алып, өнімді «Маслодел» зауытына жөнелтеді. Бұл кәсіпорын жеке кәсіпкерге бір сүт салқындатқышын алып берсе, екіншісін Олжабай Мұстафин өз қаражатына сатып алған. Облыс әкімі былтырғы жылы мемлекеттік бағдарлама арқылы Кирилловка ауылына Қызылорда облысынан көшіп келген Ембергеновтар мен Бекжановтардың шаңырағында да болып, әр отбасына тұрмыстық техникаларды сыйға тартты. Олар қазіргі кезде ауылға тұрақтанып, жұмыс орындарымен қамтылып, шағын шаруашылықтарымен айналысуда.

Бағлан ҚОЖАҚОВ. Суретті түсірген автор


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер