BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ниет болса ....

Үлкен Нарыннан жеке кәсіпкер Салтанат Бәдисолтанова шаштараз мамандығын Семейдегі ет және сүт өндірісі бойынша технологиялық институтта оқып жүргенде-ақ меңгерген. -Мен экономика факультетінде студент бола жүріп, бізді шаштараз және тігін ісіне үйреткен курстарға да қатыстым. Бұл 1993 жылы еді.

Ал, 1995- 2007 жылдарда мен біздің ауданымыздағы жұмыспен қамту бөлімінде жұмыс істедім. Онан соң, кәсіпкерлікпен айналысуға бел будым. Дәл осы жерде маған жоғарыдағы курстарда алған мамандығым іске асты. Біз жұбайым Арыстанбек екеуміз ағаларым Бақытжан, Бауыржан, Зерғасыр және Арыстанбектің ағасы Қайыржанмен бірлесіп, үйіміздің ауласына шаштараз ғимаратын салдық. Оны «Әсемдік салоны» деп атадық. Құрылысқа несие алған жоқпыз, қолда бар қаржымыз жеткілікті болды,- деді Салтанат.

Биылғы көктемде Бәдисолтановтар шаштараз ғимаратына қатарластырып басқа да құрылысты жүргізді. -Бұл үшін банктен қысқа мерзімді несиелер алдық. Жұмысқа 11 сыныпта оқитын ұлымыз Абылайды жұмылдырдық. Ол әкесі Арыстанбекпен бірлесіп, салынған ғимараттың ішін әрлеумен айналысты. Баланы мұндай жұмысқа тартудың пайдасы үлкен: біріншіден ол жастайынан жұмысқа дағдыланады, екіншіден ата-ана үшін де зор көмек,- дейді Салтанат. Расында да, баланың жастайынан жұмысшы мамандығын игергені жақсы.

Өйткені, ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» Жолдауында жастарды жұмысшы мамандығын белсенді игеруге шақырған. -2017 жылдың көктемінен бастап жаңадан салынған ғимаратта сауда үйін ашпақпыз. Мұнда кәсіпкерлерге сауда нүктелерін ашу үшін бөлмелерді жалға береміз,- деді С.Бәдисолтанова. Ал әзірге, ол өзінің іс-қызметін шаштараз ретінде жалғастыруда. -Қызмет алушыларға сапалы қызмет көрсетуге тырысамын. Мен жасаған шаш үлгісі қызмет алушыға ұнаса, өзіме де жағымды ғой. Адамдарға қолайлы уақытта жұмыс істей беремін. Яғни, демалыс күндерінде де, кейде тіпті түнге дейін. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері, кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін барлық жағдайлар жасалған.

Тек, ниет болса болғаны. Бизнесімізді дамыту үшін құрылыс жүргізгенде көрсеткен зор қолдаулары үшін туған-туысқандарыма ризамын. Оларды және бүкіл ауылдастарымды ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын,- деді әңгіме соңында Салтанат.

Александр Мартынов, Суретте: Салтанат Бәдисолтанова жұмыс үстінде


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер