BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Менің досым осындай

Мен №8 облыстық арнайы санаторийлық мектеп-интернатында 7- сынып оқимын. Біздің мектепте әртүрлі үйірмелер қарастырылған. Онда талантты оқушылар көптеп кездеседі. Талантты балалардың арасында менің досым мектебіміздегі "Жас ұлан" ұйымының мүшесі Мырзабай Дияс 6 желтоқсан күні Алматыда өткен "Фариза, Фариза қыз, Фаризажан" атты байқаудан екінші орын жүлдегері болып оралды. Бәріміздің төбеміз көкке жеткендей қуандық. Диасты мектептегі аға- әпкелері де, достары да, ағай-апайлар да құттықтады. Ол келгеннен кейін бізге Алматыда болған қызықты күндерін айтып берді. Және ол осындай дәрежеге жетуіме музыкалық жетекшіміз Қожағұлова Гүлнар апайдың еңбегі зор екенін атап айтты. Диас үлгілі отбасында дүниеге келген. Әр жылдың 23 сәуірінде Диас- тың туған күнін атап өтеміз. Ол бос уақытында шығармашылық дәрістерге, ән, би, сурет, волейбол үйірмелеріне қатысады. Сабағын да жақсы оқиды. Біздің мектептің мәдени іс-шаралары Диассыз өткен емес. Ол қай нәрсені де шын жүрегімен жасайды. Ол ән айтқанда барлығымыздың жүрегіміз тебіренеді. Мінезі өте ашық, әрі үнемі көңілді жүреді. Ренжісіп қалсақ бірінші ол кешірім сұрайды. Онымен бірге ойын ойнаған да көңілді. Ойының қандай болса да көтере біледі. Бәріміз оны Диас емес, Дико, Мырзик, Дикош деп атаймыз. Ол біздің сыныбымыздың мақтанышы.

Перизат ДОСЫМОВА


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
28 Желтоқсан 2018, 08:57
Бүгін менің туған күнім
24 Желтоқсан 2018, 17:32
МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ!
Пікірлер