BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мал басы өскенмен...

Катонқарағай ауылдық округіндегі ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілердің дені отбасылық шаруа қожалықтары мен өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған тұрғындар. Жер және табиғат жағдайларына байланысты өндірістің осы жолын таңдап, еңбек етіп отырғандардың саны бүгінде округте 212-ге жетіп отыр.

Тау қойнауындағы «Сарытақтай», «Сарықора», «Терісбұлақ», «Шөгел», «Маралқашқан», «Тау арты» сияқты телімдердегі бұрынғы кеңшардан қалған мал қоралары мен үйлерді немесе өздері жаңадан салып алған шаруашылық құрылыстарды жұмыс орындары еткен шаруа қожалықтары төрт түлік малдарын өсіріп, тонналап ет, қымыз өндіріп отбастары мен әулеттерінің нәпақасын тек қана өздерінің маңдай терлерімен тауып отыр. Жылдан-жылға табыстарын молайтып, материалдық-техникалық базаларын жақсартып отырғандардың қатарында «Атамекен» (басшы- сы Т. Бәкімбаев), «Рустам» (Т. Смамағзұмов), «Терісбұлақ» (Р. Әлкенов), «Қарашоқы» (Қ. Шы- ныбаев), «Тілек» (Б.Жүнісов), «Самал» (Б. Бае- кин), «Елдар» (Қ. Сүлейменов) тағы басқалар бар. Аталған шаруашылықтарда мал өнімділігін арт- тыруда өздеріне тиімді екі жолды - селекциялық жұмыстарды жақсартуды және мықты мал азығы қорын жасауды таңдаған. Мәселен, «Атамекен» мен «Рустам» шаруа қожалықтары қазақтың ақбас тұқымды сиырларын өсіруді қолға алса, «Терісбұлақ» орыстың етті және желісті, «Қарашоқы» мен «Елдар» «жабы» тұқымды жылқыларын көбейтуде. -Осыдан үш жыл бұрын,-дейді Т. Бәкімбаев. -Күршім ауданындағы «Көкжал» шаруа қожалығынан 70 бас қазақтың ақбас сиырларының тай- ыншаларын сатып әкелгенмін. Біздің жері таулы, қысы қытымыр ауа-райы жағдайымызға асыл тұқымды малдар тез жақсы бейімделіп кетті. Бүгінде олардың саны 110 басқа жетіп отыр. Яғни, екі жыл қатарынан төлді жақсы берді. Жазда Тарбағатай жайлауына апарып, семіртіп келдік. Үстіміздегі қыстан да жақсы шығамыз деген үмітіміз бар. Жем-шөп қоры жеткілікті. Шөп те, жем де, пішендеме де мол. Барлығын өзіміз дайындап алдық. «Терісбұлақ» шаруа қожалығы да селекциялық жұмысты батыл қолға алып отыр. Екі жылда бір рет аудан ішіндегі шаруашылықтардан айғырларды ауыстырып алып, жылқы үйірлерінің ұсақталып кетпеуіне зор көңіл бөледі. Биылғы қыс Катонқарағай өңірінде қырсық мінез көрсетіп тұр. Жиі жауған қары мен шыңылтыр аязы малшылардың мазасын алуда. Оның үстіне малды - ауыл атын атауға сескеніп, «терісауыз» атап кеткен қасқырлар да қыстақтарды тори бас тады. Алайда, катонқарағайлық малшылар өз істеріне бекем. Бірі - далада тебінде бағылатын мал соңында жүрсе, екіншісі - қорадағы бұзау- торпақтар мен жабағы тайлардың күтімімен айна- лысуда. Катонқарағай малды өңір. Шаруа қожалықтарын былай қойғанда, ауылдағы әрбір үйде кемінде екі- үш мүйізді ірі-қара мен бір-екі, жылқыдан, бірнеше ұсақ малдан бар. Ал, жалпы мұндағы мал иелеріне ортақ бір қиындық сол, ол - өндірген мал өнімдерін уақытында, дұрыс бағаға өткізе алмайтындығы. Қаншама күш-жігер, қаржы жұмсап өндірген өнімдерінің қайтарымының жоқтығы немесе аздығы. Екі-үш жыл бағып-қаққан малдарының етінің үшайлық қиярдың немесе бір құты әтірдің құнына ғана татитындығы.

Ж. Қабдуәлиев


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер