BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Күйеуімнің мінезінен шаршадым

Құрметті редакция! Мен "Қостанай таңы " газетінің "Ақшам" қосымшасын асыға күтетін оқырмандардың бірімін. Әсіресе, қыз- келіншектерге арналған "Ақмаңдайлым" бетінде жарияланып жүрген әйелберге арналеан кеңестер мен сырларды оқығанды ұнатамын. Мен бе өз сырымды бөліскім келді. Бірақ, аты-жөнімді өзгертуіме тура келіп отыр. Себебі, мен өмір сүріп жатқан Науырзым өңірі нағыз қазақтар көп шоғырланған жер ғой, сондықтан осылай еткенім жөн деп санадым. Менің айтпағым, күйеуіммен отасқаныма 15 жылдан асты. Осы жылдар ішінде көрмегенді көріп келемін. Жолдасым ішпейді, бірақ мені ішпей- жемей соққыға жыққанды жаны сүйеді. Өзі өте талапшыл, өте кірпияз адам. Ер адамның қазан-ошаққа араласып, мазаңды ала бергені қандай қиын десеңізші. Маған тағатын бар айыбы "үйді неге уақытылы жинамайсың, ыдыстарды неге уақытында жумайсың" деп миымды шірітеді. Оның ойынша, үйдің ішінде бір қиқым да жатпауы керек, тамақтан кейін ыдыстар да дер кезінде жуылуы керек, бау-бақша да уақытылы суарылуы тиіс. Мен темірден жаратылған жоқпын ғой, үйде отырсам да үш баламен бәріне уақытылы үлгеру мүмкін емес, әрі бір балам мүгедек. Көрші-көлем, аеайын-туыстан да ұят, үнемі бір жерім көгеріп жүреді. Сол миымды жемесін деп, ол жүмыстан келгенше тамағын да уақытылы істеп қоямын, жанталасып үй жинаймын. Шынын айтсам, осындай көріністерден, оған жағынып, оның алдында ақтала беруден шаршадым. Кейде қашып, безіп кеткім келеді. Бәрінен бостан босқа соққыға жығатынынан-ақ шаршадым. Бірнеше рет "ажырасамын" деп те, тіпті кетіп қалған күндерім де болды. Қол көтергеннен кейін "жаздым, жаңылдым, сені жақсы көремін" деп кешірім сұраған болады. Әкем де күйеу баласына талай рет ескертіп келеді, бірақ бұл әдетін тыяр емес. Анам ертеректе қайтыс болған, сондықтан кетіп қалғанда қайда барып сыямын, әрі үш баламен. Мен бұл жерде күйеуімді табалайын, не ел-жұртқа мазақ қылайын деген мақсатта жазып отырған жоқпын. Тек, ішімдегі шерімді тарқатқым келді. Ондай ойым болса, аты-жөнімді де көрсетер едім ғой. Тұрмысқа шығарда мұндай мінезін байқаған емеспін, әрі арақ ішіп, темекі тарпайтындықтан осы мінезіне гашық болған едім. Бірақ, "Адам аласы ішінде" дегенді енді түсініп жатырмын.

Динара ЖЕКСЕНБАЙ. Науырзым ауданы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер