BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қостанайлықтардың қуанышы еселене түсті

Ұлық мейрам Құрбан айт қарсаңында қостанайлықтардың қуанышы еселене түсті. Облыс орталығында дәл осы уақытқа дейін құрылысы тоқтап тұрған Алла үйі мереке күні есігін айқара ашып, жұртшылықты қуанышқа бөледі. Сондай-ақ, Арман-1 мөлтек ауданындағы "Арман қала" тұрғын үй кешені өз иелерін қарсы алды. Бүгін баспана кезегінде тұрған дәрігерлер мен мұғалімдер, көп балалы отбасылар қоныс тойын тойлап отыр. Үй иелеріне пәтер кілтін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов келіп тапсырды.

-Алдымен, баршаңызды Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Міне, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасымен қабылданған "Нұрлы жол" бағдарламасының аясында осындай қуанышқа кенеліп отырмыз. Бүгін 94 қостанайлық отбасы баспаналы болып, өз қоныстарына келіп жайғасуда. Қазіргі таңда тұрғын үй мәселесін шешу үшін бірқатар жобалар қолға алынған. Бұдан бөлек, Әуежай шағын ауданында көпқабатты үйлердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жуық арада ол жақта да қоныс тойы тойланатын болады. Сонымен қатар, Рудный қаласында, Қостанай ауданындағы Затобол кентінде де көп қабатты үйлер саламыз. Тағы да қоныс тойларыңыз құтты болсын!-деді облыс әкімі. Кейін өңір басшысы жас отбасы Қайран мен Салтанат Мұханғалиевалардың жаңа пәтеріне бас сұқты.

Қуанышты бөлісуге отағасы Қайранның әке-шешесі де келіпті. Қос қарияның қуанышында шек жоқ. Келген қонақтарға алғыстарын жаудырып, астан дәм татқызды. Мұханғалиевтер 2014 жылы пәтер кезегіне тұрған. Міне, араға бар-жоғы екі-ақ жыл салып, қоныс қуанышына қол жеткізіп отыр. Қайран Қостанайдағы салық басқармасында еңбек етеді. Екі қыз тәрбиелеп отырған жұбайы екеуі кезектің жылдам өте шыққанына дән риза.-Әзірше айтарға сөз табу қиын. Бізге бұдан асқан сый жоқ шығар. Жаңа ауданда, жаңа пәтерге ие болып отырмыз. Еліміздегі барлық жас отбасыларда дәл осындай қуаныш болсын! — дейді жаңа пәтер иесі Қайран Мұханғалиев.

Кенже ҚОНЫСБАЙ.

Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

www.kostanaytany.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер