BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Келешегіміз кемел

Өз басым комбинатта қырық үш жыл жемісті еңбек етіп, зейнетке шыққан ардагер металлургпін. Тағдырымның Теміртаумен тоғысқанына дән ризамын, өмірім мен еңбек жолымда талай игі жақсылармен жолдас болдым, еңбекпен есейіп, өз саламның майталманына айналдым. Мұның бәрін айтып отырғаным, бүгінде әлем таныған Қазақстанның тұңғыш Президенті, өз ортамыздан түлеп ұшқан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүр гізіп отырған сарабдал саясатының нәтижесінде бейбіт аспан астында ғұмыр кешіп келеміз. Сондықтан әр таңы мыздың, әр күніміздің бірлік пен берекеге толы болуы үшін бәріміз ортақ мүдде жолында атсалысуға тиіспіз деп ойлаймын. Осы жауапкершілікті түсініп, зейнетте жүрсем де қаланың қоғамдық өміріне белсене араласып жүрмін. Аймағымызда киелі жерлер көпақ, әсіресе Жаңаарқа ауданында сонау 1986 жылы техника ғылымының кандидаты Жұман Аманжолов ашқан қола дәуірінің қорғандары сыр бүгіп жатыр. Соған он жеті адамнан тұратын экспедиция жолға шығып, сол кезеңдегі халқымыздың мәдениетімен танысып қайттық, қасиетті Ұлытауда да болдық. Бұл бөлек әңгіме, оны реті келгенде айтып беремін. Дегенмен тілге тиек етіп отырғаным, осындай мүмкіндіктер тәуелсіздіктің жемісі. Елбасы бір сөзінде: «Адам кешегісімен, қазіргісімен және келешегімен өмір сүреді. қазіргі сәт тез өтеді, тез кешегіге, өткенге айналады. Яғни біз өмір бойы келешекке ұмтылумен ғұмыр кешеміз» деген болатын. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевтай Елбасымыз барында болашаққа нық сеніммен қадам баса береміз. Барша теміртаулықтарды тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтап, ортамыз толсын, бірлікбере кеміз арта берсін демекпін.

Əлішер ЖАҚЫПбеКОв, комбинат ардагері


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер