BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ

9 қыркүйекте №48 орта мектебінде «Қауіпсіз балалық шақ!» ұранымен өтіп, 2016 жылдың 10 тамызынан 20 қыркүйекке дейін жалғасқан «Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясынға орай бастауыш пәнінің мұғалімі И.Ландик 1-4 сынып оқушылары арасында «Қауіпсіздік шұғыласы» атты сурет байқауын өткізді. Байқауға 45 оқушы белсенді қатысты (суретте бір тобы).

Акцияның мақсаты: балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік шараларын жетілдіру. Аталмыш байқауда суреттерді өте жақсы дайындап, жүлделі І орынды 2 «Г» сынып оқушысы Н.Агарков иеленсе, ал II орынды 3 «Г» сынып оқушысы И.Сопухан, III орынды 4 «Г» сынып оқушысы В.Колесниковалар жеңіп алды. Жеңімпаздарды директордың құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары Ж.Абдраманова мен Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ- нің инспекторы, полиция аға лейтенанты Р.Мырзабаев Құрмет грамотамен марапаттады. Жасөспірімдердің салауаттылық өмірге ұмтылысы, зиянды әдеттерден аулақ болуы олардың өзге адамдармен қарым-қатынасына, яғни, әлеуметтік ортаға тығыз байланысты. Ұрпақты өмір заңдылықтарына, салауаттылық негіздеріне бейімдеу мектеп жүйесі жүктеген маңызды да жауапкершілігі мол міндет болып табылады.

Ж.Абдраманова, №48 орта мектебі директорының құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер