КӘСІП ПЕН НӘСІП - Қоғам|22 Қыркүйек 2016, 13:51
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

КӘСІП ПЕН НӘСІП

Бүгінгі күні тәуелсіздіктің көк туы желбіреп, талай игі бастамаларымен айдай әлемді тамсандырған азат еліміз жыл санап өсіп-өркендеп, олқылықтардың орнын артығымен толты- рып жатыр. Айталық, алғашқы жылдары тоқырауға ұшыраған жергілікті кәсіпкерлеріміз, шаруа қожалықтарымыз бүгінде біраз қор жинап, тындырымды тірліктер атқарып, еңселерін тіктей түсті. Біз бүгінде екінші деңгейдегі банктен несие алу арқылы өз кәсібін дөңгелетіп отырған «Шукенов» жеке кәсіпкерлігінің басшысы, еңбекқор саумалкөлдік Зейфолла Шукенов жөнінде әңгіме қозғауды жөн көрдік. Зейфолла Шукенов өмір бойы адал ниетімен, ісімен Володар темір жол станциясында қызмет етіп келеді. Темір жол саласында 20 жылдан астам уақыт еңбектеніп келе жатқан Зейфолла Бапанұлы өз үйінің жанынан дөңгелек жөндеу шеберханасын ашып, шаруасын дөңгелетуде. Бүгінгі дамыған заманда автокөліктің түр-түрін көруге болады.

Осыған орай автокөліктерге қызмет көрсететін орындар да ашылуда. Өткенді еске түсірер болсақ, автокөлік жөндеу бекеттерін тек қаладан көретінбіз. Ал ауылда дөңгелек жөндеу шеберханасын көру қиынға соғатын. Көліктің «тілі мен ішек-бауырын» түсінетін азаматтар үйінің жанындағы гараждарынан оны-мұнысын жөндеп алатын. Ал қазір ауылдық жерлерде де сервистік қызмет көрсету орталықтары ашы- лып, көлік иелерінің көзі ашылды. Мамандар ақысына қарай темір тұлпарлардың ақауын лезде тауып беретін жағдайға жетті. Бұл орында автокөлік дөңгелегіне түрлі қызмет көрсетіледі. Дөңгелекті ашып-жабу, босатып алу, үрлеу секілді жұмыстар жаңа үлгідегі құрылғылармен жа- салады. Сонымен қатар дөңгелек камераларын желімдеу, қысымын өлшеу қызметі де бар. – Күннен күнге көліктердің саны артып келеді. Ауылдың ішінде қанша көлік барын санамалаудың өзі артық. Көліктердің дөңгелектерін жөндеу халық үшін бірден-бір қажет деп есептеймін, – дейді жеке кәсіпкер Зейфолла Бапанұлы. – Автокөліктердің дөңгелек терін жөндеуде Виктор Герфурттың еңбегі зор. Тұтынушылардан ешқандай ескерту алып көрген емес. Бұл жұмыстар екінің бірінің қолынан келе бермейді, – дейді Зекең бізбен әңгімесінде. Жеке кәсіпкер өз кәсібін ашу арқылы өзінен басқа бір адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр. Болашақта шеберханасын ұлғайтуды көздеген Зейфолла қосымша жұмыс орындарының ашылатынын да жеткізді. Талабы зор кәсіпкер ағамыздың кәсібі алға жүрер болса, осы жерге көлігіміздің ақауын жөн деуге, дөңгелек камераларын желімдеуге, қысымын өлшеуге талай келерміз.

Бағлан ҚОЖАҚОВ. Суретті түсірген автор.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер