Елін сүйген Елбасы күнгі салтанат - Қоғам|08 Желтоқсан 2016, 16:19
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Елін сүйген Елбасы күнгі салтанат

Желто қсанның 1-ші жұлдызы Қазақстан халқы үшін тағы бір мерекелік күнге толысқан болатын. 2011 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Парламент сенатының отырысында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер» заңына толықтыру енгізіліп, Тұңғыш Президент күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақ елі үшін жасаған елеулі еңбегін ескеру мақсатымен күнтізбеге енген. 1991 жылы желтоқсан айының алға- шқы күндері Қазақстан үшін ерекше кезең болып есептеледі. Бұл уақытта мемлекетіміздің алғашқы қадамдары айқындалуы тиіс еді.

Бүгінде Қазақстан дүниежүзі елдерін демократиялық мемлекет ретінде мойындатты. Ал бұған Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі зор. Президент күнін атап өту биыл да өз жалғасын тапты. Ауданымыздың бірқатар мекемелері тұңғыш президентіміздің күні қарасанында мерекелік шаралар ұйымдастырды. Салтанатты шара Мәдениет үйінде өтті. Салтанатты Елбасы туралы бейнеролик ашты. Кеңес дәуірінен ажы- рап, болашағы бұлыңғыр қазақ жерінің тағдырын өз қолына алған алғашқы еңбек жолынан бастап, бүгінгі өмірі жайлы түсірілген деректі фильім көрсетілді. Мерекелік шараның алғашқы құттықтау сөзі аудан әкімі Нұржауған Қалауовқа берілді. Аудан басшысы жиналған аудан тұрғындарын мерекелерімен құттықтай келіп, Елбасының мемлекетіміздің даму жолындағы ерен еңбегі жайында сөз етті. «Еліміз үшін үлкен мерекелердің бірі ол – Тұңғыш Президент күні. 25 жылдан бері біз аспаны ашық, халқы бейбіт Тәуелсіз елде өмір сүріп келеміз.

Әр елдің өз өркендеуі, ішкі, сыртқы жағдайы мен жалпы тұрақтылығы көп жағдайда елдің басқарушысына байланысты. Басшы мықты болса, ел ынтымағы берік болады. Әлсіздік танытса, ол елде ауызбірлік табу қиын. Оны күнделікті өмірден көріп жүрсіздер. Елбасының саясаткерлік қасиетінің арқасында Қазақстан өзге елдер қатарында ойып тұрып алған өзіндік орны бар мемлекетке айналды. Ұлт көшбасшысының есімі Тәуелсіздігімізбен егіз боп мәңгі қалады. Мысалы ең жетекші мемлекет – Америка құрама штаты астанасын өзінің алғашқы президенті Дж. Вашингтонның құрметіне атаған. Түрік елі ең жақсы дамыған кезеңдерін М.Ататүрікпен байланыстырады, тағысын тағы мысалдар бар. Дәл осындай біздің елдің президенті Нұрсұлтан Әбішұлының да ылайықты орны барына дау жоқ.

Аз ғана ширек ғасыр ішінде жеткен жетістік орасан зор, ілгерілеу бар оған осы жерде отырған аға буын өкілдері куә. Қандай қиындық болмасын, бірге көріп, елін алға жетелеген бірінші басшымыз. Әлемге танылып, көптеген елдермен текетіресіп отырған атақ-даңқымыз да осы алғаш басшымыздың есімімен тікелей байланысты десек артық болмас» деген ол, жұртшылыққа зор денсаулық пен берекелі тірлік, бірлікті бейбіт өмір тіледі. Құттықтаудан соң, Нұржауған Серікұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқ- аны үшін «Дина» ШҚ басшысы Зәкір Құрманаевты, спорт ардагері Райля Антипованы, Қарашай округінің ветеринары Алпамыс Қамыспаевты, аудандық аурухана фельдшері Балия Бектемированы, білім бөлімінің бас есепшісі Әсем Алдажарованы, есеп бөлімінің қызметкері Татьяна Леонованы, қазынашылық басқармасының бас маманы Мұрат Мамировты, мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Мұрат Кусаиновтарға алғыс хат табыстады.

Ресми бөлім мерекелік концертке ұласып, өнерпаздардың патриоттық сезімді жандандыра түскен әндер шырқалды. «Қарлығаш» балабақшасының бүлдіршіндері әсерлі өлең- жолдарын арнаса, «Қарлығаш» би ансамблінің мың бұралған билері, Роллан Серікбаевтың домбырасынан төгілген терме, жас отбасы Самғат Айшат және кішкентай Шәмшінің орындауындағы «Мерекем» әні, Мәдениет үйінің әншілерінің шалқыта салған «Үш қоңыр», «Астана вальсі» және «Қазақтай ел қайда» әндері тыңдарман көпшіліктің қошеметіне бөленіп, көрермендерді баурап алды. Осындай қарқынмен елін сүйген ерекше ер тұлғаны айрықша ардақтап, жас ұрпаққа үлгі етіп, абыройын асқақтатар халқының жыл сайын осындай құрметпен мақтан тұтуы - еліміздің ертеңіне деген сенімін нығайта түсті.

Аманат ҚАЛПИЕВА.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер