BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елбасына хат жазған - Нұрдәулет

Фото: Современное образование и его реалии

Армансыз адам, қанатсыз құспен тең. Армандаған нәрсеңе жету үшін тынбай талаптанып, ізденіп, мақсат қоя білу керек.Жақсылыққа, жаңашылдыққа жаны құмар Нұрдәулет Марқабекұлы Жайылма ауылы, Әйтеке би атындағы орта мектептің 11-сыныбында оқиды.Ол өзінің «Елбасыға хат» деген шығармасында:

-Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаев!

Сіздің әрбір көреген саясатыңыз бен еліңізге жасаған жақсылықтарыңызды құрмет тұтып, сізді жоғары бағалаймын. Мен Н.Марқабекұлы сонау Жамбыл облысының тарихы терең Сарысу ауданы, талай таланттарды жарыққа шығарған Жайылма деген ауылдың, Әйтеке би баба есімі берілген орта мектебінің 11-сынып оқушысымын.

Құрметті Елбасы! Мен де сіз секілді тынбай ізденіп, ерінбей еңбек еткім келеді. Жоғарғы оқу орнына түсу үшін, бар ынта-жігерім мен білімімді жетілдіру үстіндемін. Сіздің өмірбаяныңыз жайлы түсірілген фильмдерді көрген сайын, қиын да қызықты өміріңізден өзіме сабақ алуға тырысамын.

Бір аңғарғаным сіздің басты ұстанымыңыз еңбек, білім, өнер,талпыныс, жігер, төзімділікті жаныңызға серік етіпсіз. сіз қазақ еліне шуағын шашқан күндейсіз. Мен сізден үлгі алып, биіктерге өрмелеп, елімнің күндей сәулесін шашқан тұлғасына айналғым келеді. Еліміз тыныш, жұртымыз аман. Мұның барлығы сіздің мықты стратегиялық саясатыңыздың арқасы. Мен де дәл сіздей көшбасшы болсам деген арманым бар,-деп жазып, өз ойын, сезімін анық білдіруге тырысыпты.

Шындығында да Нұрдәулет саған біз, Абай атамыз:

Болмасаң да ұқсап бақ,

бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз,-деп айтқандай арманыңа жет, талмай ізденіп, біліміңді шыңда, ізденген жетер мұратқа, дейміз.

Дариха Үмбетиярова, «Сарысу»


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер