BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ДЕПУТАТТЫҚҚА КАНДИДАТ ТІРКЕЛДІ

Өткен сенбіде №1 орта мектебінің акті залында №8 сайлау округі бойынша шығып қалған аудандық мәслихат депутатының орнына «Нұр Отан» партиясынан депутаттыққа кандидатты тіркеу бойынша праймериз жиналысы болып өтті.

Нұротандықтардың праймериз жиынын аудан әкімінің орынбасары Марат Қасым ашып, жиналыстың өткізілу мақсаты мен тәртібін қысқаша хабарлап өтіп, сөз кезегін аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттыққа үміткерлерге берді. Бірінші болып мінбеге Жамбыл ауылдық округінің әкімі, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, үміткер Көкірекбаев Мұратбек Болысбекұлы (суретте) шықты. – Дербес мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатының басты стратегиясы белгіленді. Жан басына шаққандағы табыс көзі ұлғайды. Ішкі өнім көрсеткіштері өсті. Осының барлығы артта қалған 25 жылдың еншісінде. Сондықтан да, биылғы аталып өтілгелі отырған Ұлт Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерекесінің орны ерекше, мәртебесі жоғары болмақ. Ендігі кезеңде «Нұр Отан» партиясының мүшесі ретінде қоғамдағы барлық өзгерістерден сырт қалмай, аса маңызды қоғамдық-саяси шаралардың ортасында жүруді, оның ішінде бастауыш партия ұйымдарымен тығыз партиялық байланыста болуға және партияның әрбір бағалы бастамаларына қолдау көрсетуді өз міндетім деп санаймын. Менің бүгінгі партиялық іріктеу праймеризі жиналысында Сіздерге ұсынып отырған бағдарламамның негізгі бағыты – осы айқындалған міндеттерді Меркі ауданында жүзеге асыруға бар күш-жігерімді жұмсау болып табылады. Оның ішінде, «Нұр Отан» партиясының еліміздегі қоғамдық тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді және халықтар достығын нығайту жұмысына үлес қосу мен үшін айрықша басымдықтарға ие, – деген Мұратбек Болысбекұлы өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен бөлісті. Одан соң №18 А.Қосанов атындағы тірек мектебі директорының бастауыш сыныптардағы оқу ісі жөніндегі орынбасары, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, үміткер Қыдырбаева Күміскүл Тұрапбекқызы сөз алып, өзінің алға қойып отырған мақсаттарын партияластарының назарына ұсынды. – Меркі аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат болуға ұмтыла отырып, өз алдыма сайлаушыларды толғандыратын мәселелерді шешуге атсалысуды міндет етіп қоямын. Менің басты мақсатым – «Нұр Отан» партиясының бағдарламалық құжаттарындағы міндеттерді жүзеге асыру, №8 сайлау округінің аумағында тұратын азаматтардың әлеуметтік және өмірлік мәні зор мәселелерінің шешілуіне ықпал ету, ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға үлес қосу, – деді Күміскүл Тұрапбекқызы. Праймериз барысында қос үміткердің сенімді өкілдері – Әтіркүл Исаева, Айваз Османов, Айгүл Мұсаділова және Бақыт Иманбековалар сөз сөйлеп, өздері қолдайтын кандидаттыққа ұсынылып отырған партия мүшелері туралы пікірлерін ортаға салды. Жиын соңында праймеризге қатысқан 75 партия мүшесі жасырын дауыс беріп, үміткерді анықтады. Санақ комиссиясының есебіне сәйкес, 51 дауыс алған М.Көкірекбаевты №8 сайлау округі бойынша шығып қалған аудандық мәслихат депутатының орнына кандидаттыққа үміткер болып тіркеуге қаулы қабылданды. Ал, 24 дауыс алған К.Қыдырбаева резервке қойылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер