BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Аяз - әліңді біл

Фото: depositphotos.com

Биыл аймаққа қыс ерте жетті, қарашаның 1821 күндері аралғында 30 градусқа дейін төмендеген ауа райына теміртау лықтар төтеп берді. Әрине, жылу көзі ТЭЦ2де аз да болса температуралық ауытқу болғанына және суық су құбыры жарылғанына, ал кейбір пәтерлердің суықтығына қарамастан жалпы алғанда қала бұл сынақтан сүрінбей өтті деуге әбден негіз бар. Бұл күндері қала ұстаушы «АрселорМиттал Теміртау» АҚда жағымды жаңалық болды. Көптен бері жөндеуде тұрған №4 домна пеші іске қосылды. Қатты аяз күндері қала бойынша тиісті орындарға тек он пәтерден ғана үйдің суықтығы жөнінде шағым түскен. Бұл енді көп ретте ішкі құрылғылардың кінәсі екені сол мезетте анықталып, шаралар қолданылды. Жалпы теміртаулықтар ТЭЦ2 жұмысын интернет арқылы бақылауға мүмкіндік алған. Мәселен, сыртта қақаған аяз тұрғанда жылу орталығынан 96 градус ыстық жөнелтілді, әрине, техникалық мөлшерден сәл аздау болғанымен мұның өзі қала пәтерлерін қажетінше жылытуға жеткілікті еді. Тұрғындар биыл үйдегі батареялардың жылдағыдан ыстық екенін мойындап отыр, осы күндері мың тоннадан артық қосымша су пайдаланылғанына қарамастан, жылу беру станциясының жұмысы бірқалыпты талаптарға сай болды. Тағы бір жаңалық, биыл көп жылдардан бері жаяу жүргіншілер жолы қардан тазартыла бастады, бұл қыста жолды күтуге қаржының көбірек бөлінгенін көрсетсе керек. Тіпті кейбір көшелерде мердігерлер аулаларды да қардан тазартты, күн сайын мыңнан аса текше метр қар сыртқа шығарылды. Әрине, аса қатты аяз адам тұрмақ текхникаға да күш түсіргенін бәріміз білеміз. Автобустардың тартымы нашарлап, есіктері жабылмай қалғанын көзбен көрдік. Жүргізушілер аязға техниканың да шыдамай жатқанын айтты.

Мәселен, №10 маршрутта бір ғана автобус қалды, бәрі аязға шыдамай сынғанына қарамастан келесі күні жөндеп, маршрут кестесіне айтарлықтай өзгеріс енген жоқ. Аязға қарамастан 18 қарашада ауыл шаруашылық жәр мең кесі де бұрынғыша өтті. Соның нәтижесінде нанмен және көкөніспен қамтамасыз етуде ешбір кідіріс болмады. Өйткені кәсіпкерлер Қарағандымен байланыс тоқтап қалар деген қауіппен қажетті өнімді жеткілікті мөлшерде жеткізіп алған еді. Осылайша, қала қыстың алғашқы сынағынан сүрінбей өтті. Ауа райын болжаушылар қарашаның қалған күндері жылынатынын айтуда, дегенмен қыстың қақарлы күндері әлі алда. Сондықтан аяз әлін білер деп тоқмейілсімей, мұқият болған жөн.

Өз тілшімізден


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
27 Желтоқсан 2018, 08:15
Үш облыста қатты аяз болады
Пікірлер