BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ауылына қарап азаматын таны

Аудан әкімі М.Өмірбековтың 19 тамыздағы №342 Қаулысына сәйкес аудандағы елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бойынша 1 қыркүйек – 1 қараша айлары аралығында күзгі екі айлық жарияланғаны белгілі.

Ауданымызда көгеріштендіру ісі, абаттандыру мәселесі, сондай-ақ, санитарлық тазалық шаралары назарға алынып, оңды нәтижелері де байқалып отыр. Жоспарлы түрде атқарылған жұмыстардың көлемі де көңіл көншітеді, олар аз емес, ауқымды. Жаңаша дүр сілкінген Меркі өңірінің өз тарихының тың белесіне аяқ басқаны бәріміз үшін мәртебе екенін осылайша түйіндегеніміз дұрыс. Міне, бүгін де дүйсенбі сайын дәстүрлі түрде өтетін аудан активі жиналысынан соң аудан әкімі М.Өмірбеков бастаған аудан әкімінің орынбасары, жоғарыда аталған Қаулының орындалуын бақылаушы Р.Қасымов, аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы А.Әсілбайұлы, сондай-ақ, барлық 14 ауылдық округ әкімдерінен құралған топ Меркі және Сарымолдаев ауылдық округтерінің аумағындағы үлкен күре жол бойының айналасындағы жалпы тазалық ахуалымен біріге танысып, өзара кеңес құрды (суретте). Аудан орталығынан шыққан соң жолай айналаға көз салып, тазалық пен абаттандырудың жайын жіті бақылай отыруды тапсырған аудан әкімі М.Өмірбеков аудандық Қорғаныс істері бөлімінің тұсында, одан кейін Екпінді ауылының батыс бөлігінде аялдама жасаған топ алдына шығып: – Күні кеше көршілес Т.Рысқұлов ауданынан сапарлап келе жатып, ауданаралық шекарадан бергі тазалықты бірден байқадым. Ақтоған ауылдық округіндегі жинақылыққа да таласым жоқ, тамаша! Округ әкімі Олжабек Жанұзақұлының жанды іс атқарғаны «мен мұндалап-ақ» тұр, оның көпке үлгі болғанын қалаймын. Жамбыл ауылы да жақсылықтан құралақан емес, азаматтары ұялып, төмен қарамай «Менің ауылым осындай!», – деп айтуға тұратын мекен. Ал, Меркі мен Сарымолдаевтың жағдайын міне, бірге тамашаладық, жекелеген «әттеген-айлары» болмаса, көріктеріне көрік қосуға барынша талпынып тырысулары көрініп-ақ тұр. Айтайын дегенім, тек аудан орталығы, бас көшелер ғана емес, әсіресе, шекаралық аймақ – Андас батыр, шалғайдағы Ақермен сияқты елді мекендердің жақсаруы мен жасаруына бар мүмкіншілікті пайдалануымыз керек. «Айды әпер», – деп айту әбестік әрине, ал қолдан келер әр іс қатаң қадағалауда болмақ. Сондықтан тазалық пен абаттандыру мәселесі күн тәртібінен ажырамауы шарт, ол қысы-жазы әкімдіктің басты назарында болатынын тағы бір мәрте ескертпекпін, – деп, аудан әкімдігінің тиісті бөлім басшылары мен округ әкімдерін бірлесе толыққанды жұмыс атқаруға шақырды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер