BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астана күні құрметіне ұйымдастырылған автожарыс

Үлкен Нарынның орталық алаңында өткен мерекелік шараға бұл күні аудан тұрғындары мен қонақтары жиналды. Олардың назарына Астана күніне арналған «ЭКС- ПО-2017» көрмесі ұсынылды. Оған Үлкен Нарын ауылдық округі әкімдігімен бірлесе отырып, орталық кітапхана қызметкерлері қызықты материалдар әзірледі. Мерекелік шараға Шығармашылық үйінің ұжымы белсене қатысты: Жанар Мұхамедованың тәрбиеленушілерінің жұмыстары көз тартарлық болды. Техникалық модельдеу бойынша оқытушылар Қуаныш Әділбек пен Айдын Ахмеров ҚР Үкіметінің Үйі – Ақ Орданың макетін даярлау бойынша мастер-класс көрсетті. Мақсұтхан Ербол ағаштан үй аспаптары көрмесін ұйымдастырды. Сондай-ақ, «Мен Астанадамын» фотокөрмесі ұсынылды.

Аудандық жастар орталығы мен Достық үйінің ұжымдары «Азия-авто» АҚ отандық өндірісінің он автокөлігі қатысқан жарыс ұйымдастырды. Олар Мемлекеттік Туды желбіретіп, аудан орталығының көшелерін аралады. Мәдениет және тұрғындар демалысы Орталығының әртістері концерттік бағдарлама көрсетті. Көктерек ауылынан келген «Чишма» татар фольклорлық тобы және Коробихадан «Сударуш- ка» тобы өнер көрсетті. Катонқарағай аграрлық-техникалық колледжі ба- засында ұйымдастырылған еңбек және демалыс лагері студенттерінің өнерлері өте қызықты болды. Олар тәрбиеші Дана Асанованың басшылығымен флеш-моб биін биледі.

Семейдің көлік колледжінің студенті Медеу Сембайұлы таңқаларлық фокустар көрсетті. Сахнаға «Селтеткізер» атты облыс бойынша көңілділер мен тапқырлар ойынының жеңімпаздары шығып, әзіл-қалжың нөмірлерін көрсетті. Онан соң, «Газель» автокөлігін 20 метр қашықтыққа жіппен сүйреу бойынша сайыс өткізілді. Бұл сайысқа қатысқан білекті жігіттердің ішінде аудандық Мәдениет үйінің қызметкері Руслан Қабанбаев жеңіске жетті. Ол 14 секундта сайыс шартын орындап, бас жүлде – қойды ұтып алды. Ұйымдастырылған ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесінде новополяковкалық Наталья Ко- четкова бал және Белқарағай ауылдық округінен «Қаратал» шаруа қожалығы (басшысы А. Құсманов) емдік сусын – қымызды саудалады. Жергілікті кәсіпкерлер кәуәп және басқа да тәтті- дәмділерді тұрғындар назарына ұсынды.

Татьяна Самойлова. Сурет автордікі және Ш. Багаутдиновтікі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер