Аудан прокуратурасымен Қазақстан Республикасының Прокуратура органдарының құрылғанына 25 жыл мерей тойын атап өту қарсаңында 2016 жылдың қараша айының 29-шы жұлдызы күні ашық есік күні өткізілді. Іс –шара аясында аудан орталығында орналасқан мектептерде білім алушы аудан жастары прокуратура қызметінің қыр-сырымен жан-жақты таныстырылды. Оқушылар ғимарат ішінде мұражайды және басқа да қызмет бөлмелерін аралып, өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарына толыққанды жауаптар алды. Прокуратура қызметкерлері өздерінің салалары бойынша оқушыларға бар білгендерін айтып, тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу соңында, оқушылар өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп, прокуратура ұжымымен естелікке суретке түсті. Сонымен қатар, оқушылар про- куратураның тілек кітабына өздерінің жүрек жарды ыстық лебіздерін білдіріп, тілектерін қалдырды.
Байғанин аудандық прокуратурасы.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!