BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алимент өндіру ісі – бақылауда

Фото: www.nur.kz

Өткен аптада Меркі аудандық прокуратурасында аудан прокуроры Сәкен Төлеуовтың төрағалығымен «дөңгелек үстел» жиыны өтіп, онда бүгінгі қоғамдағы күрделі де маңызды тақырыптардың бірінен саналатын алимент өндіру және басқа да айыппұлдарды төлету мәселелері әңгімеге арқау болды.

– Қазіргі уақыттарда балалары үшін алиментті төлету, әкімшілік айыппұлдарды өндіру оңайлықпен жүзеге аспайтыны белгілі. Әрине, бұл мәселелермен жұмыс істеу, негізінен, мемлекеттік сот орындаушылары мен жекеменшік сот орындаушыларына жүктелген. Тек, солардың міндеті деп, қарап отырмай, әкімшілік болып, көп болып көмектесейік. Борышкерлердің жауапкершілікті сезінбеуі – келесі құқық бұзушылықты тудыратынын ұмытпайық, – деді Сәкен Сержанұлы.

Сөз кезегін алған аудан прокуратурасының аға прокуроры Сәуле Игенбекова «Мемлекет пайдасына өндірілуге жататын атқару құжаттарының орындалуына аудандағы сот орындаушыларының және осы бағытта құрылған мобильдік топтың атқарған шараларының нәтижесі мен тиімділігі туралы» әңгімеледі. – Меркі ауданының прокуратурасы мен облыстық Әділет департаментінің аудандық аумақтық бөлімі сот орындаушылары З.Құттыбаеваның, Д.Тулеевтің және жеке сот орындаушысы М.Қанаевтың өндірістеріндегі мемлекет пайдасына өндірілуге жататын атқару құжаттарының орындалуына, алимент бойынша атқару өндірістерінің іске асырылуына және осы бағытта құрылған мобильдік топтың атқарған жұмыстарының нәтижелеріне тексеру жүргізілді, – деді С.Игенбекова.

– Анықталғаны, аудан бойынша жыл басынан бергі өндірістегі мемлекет пайдасына өндіруге жататын, 59759464 теңгені құрайтын, 2285 атқару құжатының 1420 құжаты ғана орындалған, яғни, 31 814 080 теңге өндірілген. Оның ішінде, 22573910 теңгеге 803 құжат нақты орындалған. Прокурорлық ықпал ету актілерімен мемлекет пайдасына 865 атқару өндірісі аяқталып, 13584366 теңге өндірілген. 2 атқару ісі борышкердің қайтыс болуына байланысты қысқартылған. Бүгінгі таңда 681 құжат орындауда қалып отыр, ол – 270942 384 теңгені құрайды. С.Игенбекованың баяндамасынан тағы да белгілі болғанындай, аудан прокуратурасымен атқару өндірісі саласы бойынша 4 тексеру жүргізіліп, 11 заң бұзушылық туралы ұсыныс енгізілген, 15 наразылық енгізілген, 20 әкімшілік іс және 2 тәртіптік өндіріс қозғалған. Сондай-ақ, аудан прокуратурасының бастамасымен қарыздарын төлеуден қашатын борышкерлерді сот арқылы жүргізушілік куәлігінен уақытша айыру және шет елге шығуға тыйым салу ісі де аудандық сотта қаралып, жүзеге асырыла бастаған. Сонымен бірге, «Нәпақаны төле, өз балаңа көмектес!» – «Помоги своему ребенку, заплати алименты!» – делінген билборд ілініп, онда аудан прокуратурасының сенім телефоны көрсетілген. Ауылдық округтердегі тұрғындар көптеп келетін орындарға «Нәпақадан айырған әкелер тізімі», – деп борышкерлердің тізімдері де ілінген. Көпшілік талқысына түскен бүгінгі басты тақырып бойынша сот орындаушылары Зарина Құттыбаева мен Мүбарак Қанаев та сөз алып, өз жұмыстары туралы нақты мысалдар келтіре отырып, әңгімелеп берді. Жиынға қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты жауаптарын алды. «Дөңгелек үстел» отырысына аудан әкімінің орынбасары М.Қасым, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Т.Олжабай, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері мен мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер