BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Абайы бар елдің мерейі үстем

Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінə қойма!...

Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Туған жері, туған елі үшін жан ая- май күрескен тамаша тау тұлғаларымызға арналған түрлі шара- лар елімізде жыл сайын атап өтілуде. Сондай игі шаралардың бірі – дəстүрлі «Абай оқулары» жақында біздің ауданымызда өткізілді. Абай оқулары бүгінде елімізге кеңінен танымал поэзия мерекелерінің бірі бо- лып отыр. Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жəне Абай мен Шəкəрім шығармаларын насихаттау арқылы қазақ тілі мен əдебиетіне деген ықыласын жандандыру, қазақ тілінің көркемдігін Абай шығармашылығы арқылы байыту, қазіргі жас ұрпақтың Абай атамыздың мұрасына қызығушылығын арттыру. Байқаудың шарты бойынша қатысушылар Абай, Шəкəрім шығармаларын (поэзия, проза, қара сөздерін) жатқа айтып, əндері мен күйлерін орындап, өз шығармашылық туындыларын Ұлы Абай ақынға арнауы тиіс болатын. Аудандық Абай оқулары 3 бөлім бойынша өткізілді. Байқауға аудан мектептерінен өз өнерлерін көрсетуге жас дарындар жиналды. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» бөлімі бойынша Абай Құнанбаевтің 76 өлеңін жаттап келіп, нақышына келтіріп оқып берген Жақсы №1 орта мектебінің оқушысы Төлеген Мадина 1 орынға ие болды. Жүлделі 2 орынды Ғ.Абдрахманұлы атындағы Қима орта мектебінен келген Салымбай Мадина жəне 3 орынды Лозо- вое орта мектебінің оқушысы Кошкумбаева Сымбат иеленді. Ал екінші «Көңілім əнді ұғады» айналымы бойынша 1 орын Жақсы №1 орта мектебінің оқушылары Галия мен Анель Садыбековаларға бұйырды. Ғ.Абдрахманұлы атындағы Қима орта мектебінен келген Блисбекова Перизат 2 орынды иеленсе, 3 орынды Жақсы №2 орта мектебінен Кириенко Яна алды. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты бөлімі бойынша ақындық өнерлерімен көзге түсіп, Абайға арнауларын оқып, 1 орынға Ғ.Абдрахманұлы атындағы Қима орта мектебінің оқушысы Хамит Аяулым ие болды. Ал 2 орынды Жақсы № 1 орта мектебінің оқушысы Көшеков Бекзат иеленді. 3 орын Терісаққан негізгі мектебінен Қыдырбек Аружанға бұйырды. Сонымен қатар, келесі қатысушылар бірнеше номинациялар бойынша марапаттауларға ие болды. Олар: Остров орта мектебінен Азат Еркежан, Подгор- ное орта мектебінен Бахтиярова Гүлнəр, Терісаққан негізгі мектебінен Көлбаева Нұргүл жəне Лозовое орта мектебінен Серікпаева Зарина. Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен Абайы біреу-ақ. Абай биіктеген сайын қазақ та биіктей береді. Ұлт болашағы жас өнер иелерінің шығармашылығын шыңдап, талантына қанатын бітіретін бұл шараның берері мол жəне үзілмей жалғасын таба бермек.

Б. ДОСАНОВА


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер