Қазіргі заманда көліксіз бір күнді елестетудің өзі қиын. Онсыз жұмыс жүрмей, қол-аяқ байланып қалатындай. Шындығында да солай. Біраз ауырды жеңілдетіп, алысты жақындататын көлік құралдары - мінуге ат, ұшуға қанат, жүк артуға ыңғайлы керуен, жол жүрсең, оңтайлы серуен. Сондықтан көліктің қызметіне әркім әр күні жүгінеді. Бірі – тас жолын таңдаса, басқасы темір не теңіз жолымен тұрмыстық қажетін өтейді. Барыс-келіс пен алыс-беріс болғандықтан арнайы мамандардың санитарлық реттеуінсіз тағы болмайды. Маңғыстау бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Ағзия Темірқасовамен осы жөнінде әңгімелескен едік.
− Ағзия Бөрібайқызы, көліктегі жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет қалай көрсетіледі?
− Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топ- тамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап – 15 жұмыс күні. Мемлекеттік қызметті көрсету электрондық немесе қағаз түрінде жүргізіледі. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде жүргізіледі. Көрсетілетін қызметті алушы қызметті берушіге өтініш жасаған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште рәсімделеді, басылып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беру туралы хабарлама жіберіледі. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенім- хат бойынша өкілі) өтініш жасаған кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесін ұсынады. Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мем- лекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес талон беріледі. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны тура- лы мәртебе жіберіледі. Тағы бір айта кетерлігі, басқарма мамандарымен өткен жылы заңды және жеке тұлғалардан 101 өтініш қаралып, 32 санитарлық- эпидемиологиялық қорытынды берілсе, 2016 жылдың 8 айына заңды және жеке тұлғалардан 58 өтініш түсіп, 28 санитарлық- эпидемиологиялық қорытынды және 12 дәлелді бас тарту берілді. Барлық мемлекеттік қызметтер электрондық түрде көрсетілді.
− Ел аумағына карантиндік және аса қауіпті жұқпалардың тасымалдануына, таралуына қарсы профилактикалық іс- шараларды ұйымдастыру барысы қалай?
− Карантиндік және аса қауіпті жұқпалардың тасымалдануына, таралуына қарсы басқарма бойынша карантиндік және аса қауіпті жұқпалардың тасымалдануына және таралуының алдын алу, санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, өткізу туралы кешенді жоспар жасақталған Бұл жоспарда мамандардың жұмысты неден бастауы керектігі туралы алгоритмдерімен қоса, жедел хабарлама сызбалары бар. Жедел хабарлама сызбалары ҚТЖ ҰК АҚ-ның филиал басшыларымен және жер- гілікті медицина мекемелерімен келісілген. Жыл сайын облысымызда орналасқан санитарлық– карантиндік пункттердің мамандарымен және кешенді жоспар бойынша тиісті мекемелермен жаттығу жұмысы жүргізіледі, дайындығымызды пысықтаймыз, есеп береміз. Бейнеу ауданы Өзбекстанмен шектесетіндіктен 2016 жылдың маусым айында Бейнеу темір жол стансасында Бейнеу санитарлық-карантиндік пункттерінің мамандарымен және осыған қатысты темір жол мекемелерімен, денсаулық сақтау басқармасының мамандарымен, кеден қызметкерлерімен бірлесе оқу-жаттығулар өткіздік. Жыл басынан бері 8 ай ішінде темір жол санитарлық- карантиндік пунктінің ма- мандарымен 494 темір жол көлігіне тексеру жүргізіліп, 306367 жолаушы, 988 локомотив бригадасы, 15996 жолсерігі бақылаудан өтті.
− Тұтынушының құқығы қалай қорғалуда, бұл тұрғыда арыз-шағымдар болды ма?
− Әрине, қай көлік құралы болмасын жолаушылар жүрген жерде арыз-шағым болмай тұрмайды. Үстіміздегі жылдың 8 айындағы ақпаратқа сүйенсек, биыл 3 жеке тұлғадан шағым-арыз және Маңғыстау көлік прокуратурасының талабы бойынша жолаушылардың 2 шағым-арызы түсті. Биылғы шағым-арыздың негізгі мазмұны жолаушылар пойызының санитарлық жағдайы туралы болды. Түскен шағым-арыздар бойынша жолаушылар пойыздары тексеріліп, құқық бұзушылыққа жол берген заңды тұлғаларға 84840 теңге көлемінде 2 айыппұл салынды. 1 шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» ҚР заңының тәртібі орындалмауына байланысты қараусыз кері қайтарылды.
− Көлік нысандарына және құралдарына қатысты қандай бақылау жұмыстары жүргізіледі?
− Санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын объектілер тәуекел дәрежесіне қарай 3 топқа, яғни тәуекел дәрежесі жоғары, тәуекел дәрежесі орташа, тәуекел дәрежесі елеусіз объектілер болып бөлінеді. ҚР заңнамасында белгіленген санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау саласындағы талаптардың сақталуын тексеру үшін эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерде тексеру жарты жылда бір рет, ал тәуекел дәрежесі орташа объектілерде жылына бір рет жүргізіледі. ҚР Бас прокуратурасы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесін ағымдағы күнтізбелік жылдың жиырма бесінші желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың жиырма бесінші мамырына дейінгі мерзімде ҚР Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастырады. Осы аталған заңдылықтарға сәйкес жыл басынан бері темір жол нысандарына барлығы 32 тексеріс жүргіздік. Оның 25-і жоспарлы түрде. Жоспардан тыс 7 тексеріс өтті. Жіберілген бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғаларға 827 190 теңге көлемінде 20 айыппұл салынды. ҚР халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуды жою жөніндегі 21 нұсқама берілді.
− Санитарлық-карантиндық пункттердің жұмысы жайында айтып берсеңіз?
− Басқарма жүзеге асыратын функцияларының бірі – өз құзыретінің шегінде тиісті аумақты инфекциялық, паразиттік аурулардың әкелінуі мен таралуынан санитарлық қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу. Сондықтан аса жауаптылықты талап ететін санитарлық-карантиндік пункттердің жұмысының негізгі мақсаты - өте қауіпті жұқпалы және паразитарлық аурулардың және адам денсаулығына қаупі бар деген өнімдердің (тауарлардың) кеден шекарасына және Кеден одағы аумағына сырттан келуіне, таралуына қарсы іс-қимылдарды ұйымдастыру. Әуе, теңіз, темір жолдары арқылы келген тауар осы жолдардың бірінен екіншісіне тасымалданып, жолдар бір-бірімен байланысқа түсетіндіктен Бейнеу, Болашақ стансаларында, Ақтау халықаралық әуежайында, Ақтау теңіз портында санитарлық карантиндік пункттер орналасқан. Олар Кедендік одақ комиссиясының шешімімен бекітілген ережеге және Кедендік одақ комиссиясымен бекітілген мемлекеттік тіркеуге жататын тауарлар тізімін басшылыққа алып, жұмыс жасайды. Бұл тауарлар тізіміне балалардың тамақ өнімдері, залалсыздандыру, дезинсекция, дератизациялық құралдар, тұрмыстық химиялық құралдар, шаруашылық-ауыз су жабдықтары және материалдары, құралдары, жеке гигиена тауарлары, тамақ өнімдеріне жақындасатын бұйымдар (ыдыс-аяқтар мен технологиялық құралдардан басқа), өте қауіпті химиялық, биологиялық және осы препараттардың негізінде жасалған заттар жатады. Сондықтан санитарлық-карантиндік пункттердің мамандары Болашақ стансасы Түрікменстанмен, Бейнеу стансасы Қарақалпақстан арқылы Өзбекстанмен шектесетіндіктен екі ел арқылы өтетін өнімдердің тиісті талаптарға сай болуын қадағалайды. Құжаттары жоқ өнімдер шекарадан асырылмайды. Болашақ санитарлық- карантиндік пункті темір жол стансасының әкімшілік ғимаратында орналасқан, Кедендік одақ комиссиясының шешімімен бекітілген ережеге сай жасақталған, ал Бейнеу санитарлық-карантиндік пункті Бейнеу вокзалының жанында. Санитарлық-карантиндік пункттер өз құзіретіне сай Кедендік одақ комиссиясының шешімімен бекітілген ережеден басқа ҚР заңдарына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексінде көзделген ережелер мен санитарлық-карантиндік пункттердің ережесіне, сонымен қоса темір жол мемлекеттік шекарасынан көлік құралдары және тауарларды өткізуге қатысты барлық ұйымдармен бекітілген технологиялық сыз- басына сай жұмыс жасайды. Барлық санитарлық-карантиндік пункттер қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Оның ішінде адамның дене температурасын өлшейтін тепловизор, пирометр құралдары да бар. Бұл саймандар арнайы лицензиясы бар мекемелермен жыл сайын тексерістен өткізіліп, сертификат беріледі.
− Темір жол нысандары, теміржолшыларды шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесі қалай жолға қойылған?
− Барлық темір жол бойындағы, Опорный стансасынан бастап, Маңғыстау стансасына дейін тұтынушылар су жүйесімен орталықтандырылған жүйе арқылы қамтылған. Ал разъезд тұрғындарына су вагон-цистер- налармен тасымалданады. 2014 жылдан бастап Өзен-Болашақ телімі бойынша 9 дана су айдау стансасы іске қосылды, сумен қамту автоматты режимде жүргізіледі. «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-ның 2012 жылы 27 қаңтарында бекітілген шешімі бойынша 2012- 2016 жылдарға арналған «Мөлдір бұлақ » бағдарламасы аясында «Теміржолсу» АҚ және «Магистральды желі дирекциясына» қарасты сумен қамту жүйелеріне жаңғырту және қайта құрастыру жұмыстары жасалды. Бұл жұмыстарда көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы нұсқаған санитарлық талаптардың негізі де ескерілді. Осы жылдар ішінде ауыз сумен қамту жүйелерінде 9,25 шақырымнан астам су құбыры жаңасына ауыстырылды. Қысымды су мұнараларына күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Барлық стансаларға су залалсыздандыру құрылғылары қойылды.
Су тазарту қондырғылары орнатылды. Бұдан басқа кәріз су қондырғылары, өндірістік ғимараттар жөндеуден өткізілді. Жалпы су көздері, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға арналған су жинау орындары жылына 1 рет тексеріледі. Осы жылдың 8 айында су жинау орындарынан 21 су сы- намасы алынды. Барлық су сынамалары санитарлық қағиданың талаптарына сай болып шықты. Оған қоса судың сапасына жауапты «Теміржолсу-Маңғыстау» ЖШС лицензиясы бар сараптау орталықтарымен келісім- шарт арқылы өндірістік бақылау жасатып, тоқсанына 1 рет су сынамасы алынады. Егер су сынамасы санитарлық талаптарға сай еместігі анықталса, басқармаға шұғыл хабарлама келіп түседі. Құбырлар жуылып, залалсыздандырылады. Тазарту жұмысынан соң судың сапасы қайта тексеріледі.
− Темір жол бекеттері мен жолаушылар пойызында заңсыз сауда түрлерін болдырмауға қатысты не айтасыз?
− Темір жол вокзалының перрондарында белгіленбеген жерден заңсыз сауда түрлерін болдырмау – бүгінгі күннің өзекті мәселесі немесе әлеуметтік мәселе деп айтуға да болады. ҚР 2015 жылдың 29 қазанынында шыққан Кәсіпкерлік кодексінде және 2009 жылдың 18 қыркүйегіндегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінде көзделген ережелерде белгіленбеген орындарда сауда жасаған жеке тұлғаларға қатысты біздің құзіретіміз айқындалмаған. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-бабына сәйкес белгілегеннен тыс орындарда сауда жасау ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ал осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айып- пұл салуға әкеп соғады, делінген. Сондықтан жеке тұлғалардың белгіленбеген жерде сауда жасауына тосқауыл қою жергілікті атқарушы органдардың құзіретінде.
Алайда жолаушылар пойыздарының жолаушылары арасында перронда белгісіз адамдардан тамақ алып, «Жедел ішек инфекциясы» деген диагнозбен ауруханаға түсіп жататын жағдайлар да кездеседі. Осыған байланысты ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 90-бабын басшылыққа ала отырып, вокзалдардың орналасу аумағы бойынша аудандық әкімдерге темір жол вок- залы мен темір жол вокзалының перронында орын алып отырған заңсыз сауда түрлерін болдырмауға шұғыл шара қолдану туралы хат жолдап отырамыз. Өкінішке орай, белгіленбеген жерден сауда жасайтын жеке тұлғаның деректері болмау себептерінен әкімшілікте жаза қолданылмай жатқаны бізді де толғандырады. Осы сұхбатты пайдаланып, жолаушыларға кез келген жерде сауда жасап, әсіресе, тамақ өнімдерін сатып алмауға кеңес беремін.
– Тұтынушыларға қандай кеңес бересіз?
– Әрбір тұтынушы тиісті сападағы өмірі мен денсаулығына қауіпсіз тауарларды сатып алуға, орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алуға, тауар жөнінде ақпарат алуға, дайындаушыға кінә қоюға толықтай құқылы. Сондықтан тұтынушы өнімді, тауарларды сатып аларда алдымен оның құжаттына, сақталу мерзіміне аса көңіл бөлгені, өз құқықтарын білгені жөн.
– Сұхбатыңызға рахмет! Шахида ЖҰМАН
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!