BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнын игеру жобасы іске қосылды

Индустрияландыру күніне арналған жалпыұлттық телекөпір барысында Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында «Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнын игеру жобасы іске қосылды.

«Шалқия Цинк ЛТД» АҚ Басқарма төрағасы Болат Рамазанов кен орны дүние жүзінде мырыш қоры бойынша ең ірі бестіктің қатарына кіретінін жеткізді. Кәсіпорында руданы тікконвейерлі әдіспен өндірудің инновациялық технологиясы қолданылады. Кен орнын игеру жобасы толық қуатта іске қосылған кезде 1500 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. «Шалқия» кен орнын игеру Қазақстан үшін мырышты өндіруші ең ірі елдердің қатарына енуге сондай-ақ, қорғасын шығаруға мүмкіндік береді. Әлем бойынша металлдың бұл түрлеріне сұраныс өте жоғары.
Айта кетейік, «Шалқия» полиметалл кен орнын «жерасты әдісі» арқылы өнеркәсіптік игеру» жобасы екі кезең бойынша жүзеге асады. 2018 жылы жылдық қуаты 2 млн. тоннаға дейін жететін кеніш салынады, ал 2020 жылы тау-кен өнеркәсібінің өндіріс көлемі 4 млн. тоннаға дейін ұлғаяды. Өндірілген өнім ТМД елдеріне және алыс шет мемлекеттерге жіберіледі. Бүгінде жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді, Еуропа қайта құру және даму банкі арқылы қаржыландыру тетіктері пысықталуда, сонымен бірге тау-кен байыту комбинатының құрылысын салушы мердігерді анықтау мақсатында конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

kyzylorda-news.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер