BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елімізде 23 жаңа индустрияландыру жобасы іске қосылды

Жуырда Елордада ҚР Президенті-нің «Қазақстанның үздік тауар» «Алтын сапа» сыйлығы республикалық көрме-байқауы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2016» байқауы жеңімпаздарын марапаттаумен қатар Индустрияландыру күні аясында Жалпыұлттық телекөпір өткізді.

Жылдағы дәстүр бойынша, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен индустриялдық және инфрақұрылымдық жобалар іске қосылып, жұмыстарын бастап кетті.

Елбасының тапсырмасымен «Нұрлы жол» экономикалық бағдарламасы аясында екінші жол құрылысы жүзеге асырылуда. Құрылысқа пайдаланылған материалдың 90%-ы отандық өнім.

Сонымен қатар отандық жаңа үлгідегі кең қорапты жолаушыға арналған вагондар пайдалануға берілді. Бұл туралы теміржол бөлімінің басшысы Съезбек Әлішев телекөпір кезінде Елбасымен тікелей эферде баяндады.

Теміржол селолық округінің маңында жаңадан салынған көпірдің қасына аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың басшылығымен ауыл тұрғындары мен теміржол қызметкерлері телекөпірге қатысып, өзге де өңірлерде ашылып жатқан нысандарға куә болды.

Әлемдік дамудың даңғыл жолындағы Қазақстанмен өзге шетелдер тығыз қарым-қатынаста болуға ерекше мән беретіні рас. Бұған шетелден тартылған инвестициялар көлемі дәлел болады.

Дүниежүзілік банк рейтингісі бойынша кәсіптен нәсіп табу жолында Қазақстан 190 елдің ішінен 35-ші орынға табан тірегені де зор қуаныш.

Бақтияр АЙТАЛЫ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер