BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ СӨЗ БОЛДЫ

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы аудандық кәсіпкерлер палатасының акт залында «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» партиялық жобасын іске асыруға байланысты несие беру механизмдері мен шарттарын халыққа түсіндіру мақсатында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді. Аталмыш жиында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Дүйсенбеков, филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Н.Орынбеков, зейнеткер С.Әзізхановтар өз ойларын айтып, мамандарға сұрақтар қойды. Осы тұрғыда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Н.Төлегенов кәсіпкерлікті дамыту жұмыстары бойынша баяндама жасады. Сонымен бірге басқосуда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Н.Сабыров, аудандық кәсіпкерлік палатасының менеджерлері, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің және «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ аудандық филиалының несие беру жөніндегі мамандары өз міндеттері аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

/Бұл мәселе жөнінде кеңейтілген мақаланы газеттің келесі санынан оқи аласыздар/.

Д.МЕДЕУОВА


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер