BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жат жетегінде кетпесін

Жуырда аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандағы діни ахуал туралы жиналыс болды. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасары Қаныбек Айтжанов, аудан әкімі аппаратының басшысы Абзал Нұрпейісов, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жұмабек Шажабаев, ақпараттық топ мүшелері, ҚР ҰҚК-нің Жамбыл ауданы бойынша жедел өкілі Қайсар Мұқанов, жергілікті полиция қызметінің өкілі Данияр Қыпшақов, мекеме және ұйым басшылары мен округ әкімдері қатысты.

Жиналыс барысында діни ахуалға жауапты дінтанушы маман Жандос Оспанов аудандағы діни бірлестіктер жөнінде мағлұмат беріп, жат ағым жетегінде кеткен жастармен жұмыла жұмыс істеу керектігін алға тартты. Өз кезегінде ауылдық округ әкімдері әр ауылдағы діни мәселелер жөнінде баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталды.
Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Қаныбек Айтжанов діни ағымдар қатарына кірген жастармен тығыз жұмыс жасау, ауыл әкімдерінің діни ағымдардан хабардар болуы, жат ағым жетегінде кеткендерді басты назарға алуы керектігін атап айтты.
Елдар Жақыпбек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер