BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет»

Ертеден тағылымы мол халқымыз «Баланы жастан...» деп, рухани құнды-лықтарды бала тәрбиелеудің игілігіне жұмсаған. Балдырғанды жастайынан халық ауыз әдебиетімен суарып, ел үшін ерен еңбек сіңірген тұлғаларды үлгі етіп, ұлтын сүюге тәрбиелеген.

Ертеден тағылымы мол халқымыз «Баланы жастан...» деп, рухани құнды-лықтарды бала тәрбиелеудің игілігіне жұмсаған. Балдырғанды жастайынан халық ауыз әдебиетімен суарып, ел үшін ерен еңбек сіңірген тұлғаларды үлгі етіп, ұлтын сүюге тәрбиелеген. Сонымен қоса, отбасындағы қағидада әке мен ананы, үлкенді құрметтеу, кішіге ізет білдіру тәртібі басым болған. Бала тәрбиесіне жіті қараған әрбір отбасы ұрпағының үйдегі, түздегі қылығын қадағалап отырған. Ата-анаға деген сыйластықтың негізінде бала көкейінде «Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды, кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды» деген халық даналығы қалыптасқан.
Жастар біздің қоғамның негізгі тірегі. «Болашағыңды білгің келсе, бүгініңе қара» демекші, әрбір қоғам өзінің болашағына алаңдайды. Сол сияқты, біздің қоғамда да кейбір келеңсіз мәселелер кездеседі. Әсіресе, аға ұрпақты құрметтеу, өткен жетістіктерді мақтаныш тұту сезімдері бәсеңдеп барады.
Жуырда «Жамбыл ауданының жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруы-мен «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы өткізілді. Оған жастар белсенді атсалысты. Акция аясында Қалампыр Балниязова әжеміздің ауласын тазартып, өсіп кеткен шөптерді шауып, қолғабыс жұмыстары жүргізілді. Әжеміз алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Осындай қарияларымыз ортамызда қиын заманның бейнетінен кейінгі жеңістің жемісін көріп, еліміздің тыныш заманында, бала-шағасының ортасында бақытты ғұмыр кешсе деген тілегіміз бар.
Бауыржан Момышұлы атамыз «Қарт адам – ұзақ сапар шегіп, тоналып қалған жолаушы сияқты» деген екен. Ендеше, қариялардан сый-құрметімізді аямайық, әр сөзінен ғибрат ала білейік. Кәріліктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өз мәні бар. Ұлықпан Хакім мың жасаған дейді, ешкім мың жасамайды, тек өсіп-өнген, тәрбиелі ұрпағымен мың жасайды. «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» екенін есімізден шығармаған дұрыс.
Біздің ұжымның үйіне барып, қолғабыс жасап, жылы сөз айтып, мейірлене қарағанын көрген кейуана бір марқайып, жүз жылға жасарғандай күй кешті.
Қалампыр Балниязова апамыздай ауданда көптеген қарттарға ерікті жастар осы дәстүрді жалғастырып, ауласына барып аз да болса да көмегін тигізсе, кейінгі ұрпаққа үлгі болар еді. Әке-шешесін «Қарттар үйіне» апарып, жападан жалғыз қалдырып, жанын ауыртып, жүрегіне салмақ түсіріп жүрген тасжүректер бүгінгі қоғамның айықпас дерті. Сондықтан танысың немесе көршің болсын, көмекке мұқтаж екенін көре тұра қол қусырып қалу, арыңа сын. «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы барысында жұдырықтай жұмылып әрекет етсек, алынбайтын қамал жоқ.

Дана Бекетбаева,
«Жамбыл ауданы жастар ресурстық орталығының» бас кеңесшісі, «Жас Отан» Жастар қанатының белсендісі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер