BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Үлгілі мектебі жөндеуден өтуде

Кезекті оқу жылы тәмәмдалып, барлық білім ордаларында келесі оқу жылына дайындық басталып кетті. Маусым айының басында мектептердегі құрылыстың қарқыны күшейе түсуде. Биыл біздің ауданымызда орталықтағы Қазақстанның 40 жылдығы, Н.Киікбаев, Үлгілі ауылдық округіндегі Үлгілі орта мектептері күрделі жөңдеуден өткізілуде. 1966 жылы пайдаланылуға берілген Үлгілі орта мектебі талай түлектерді түлеткен киелі қара шаңырақ. 50 жылдай тарихы бар білім ордасына осыған дейін ағымдағы жөндеулер жүргізіліп келген. Есік- терезесі ескіріп, сыныптарынан ескілік байқалатын мектеп толықтай жөндеу жүргізуге сүранып-ақ түр еді. Ақыры, бүл іс те қолға алынып, бүгінде мүнда жұмыстың бастапқы шаралары атқарылу үстінде. Ұлттық қордан бөлінген 93 млн. 135 мың 384 теңге 416 тиынға Үлгілі орта мектебінің шатыры ауыстырылып, терезе, есік, едені жаңадан қойылады. Электр, жылу жүйелері жаңартылады. Бұл жұмыстарды жүргізу үшін байқауда жеңімпаз болған мердігер компания «Пырақ Құрылыс» ЖШС-нің жүмысшылары қазіргі таңда мектептің спорт залын жөнге келтіруде. Қүрылыстың прорабы Христофор Алексеевичтің айтуына қарағанда істің басында бүгінде барлығы 10 жүмысшы жүмыс істеп жатыр. Олардың басым бөлігі жергілікті түрғындар, алда жүмыстың барысына қарай оларды көбейту жағы да ойластырылуда. Жалпы, Үлгілі орта мектебінде 380 оқушы білім алады. Үстіміздегі оқу жылында 12 ұл-қыз 11-сыныпты бітіріп, үлкен өмірге жолдама алса, келер жылы 80-нен аса бала мектеп табалдырығын аттамақшы. Оқушыларға 50-ге жуық үстаз білім береді. Енді міне, алдағы оқу жылын мектеп ұжымы жаңаланған ғимаратта қарсы алмақшы.

А.ШОТБАСОВА,
«Ауыл жаңалығы».


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер