BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

“Үйірменің үздігі-2016”

Оқушылар мен жасөспірімдер Үйінде "Бейнелеу қолданбалы бағыты" бірлестігінің әдістемелік күндері болып өтті. Әдістемелік күндерде "Үйірменің үздігі - 2016" атты үйірмеаралық сайыс болып өтті. Сайыс шарттары бойынша жан- жақты тиянақты дайындалып келген үйірме оқушылары бар білімдері мен өнерлерін ортаға салды. Әділқазылар алқасы қатысушыларды сан қырынан саралады. Сайыс қорытындысы бойынша "Қуыршақ театры" үйірмесінен Самат Аяулым I-орынды, "Қолөнер" үйірмесінен Оңдасын Нурилла II-орынды, "Қазақ тілі" үйірмесінен Өтепберген Нұргелді III-орынды иеленді. "Жас саяхатшылар" үйірмесінен Садуақасова Арайлым, "Сахна тілі" үйірмесінен Жаханова Сымбат, "Флористика" үйірмесінен Жаңабай Ақерке, "Жас информатик" үйірмесінен Серік Дархан Алғыс хатпен марапатталды.

Жанар АБДРАМАНОВА, оқушылар мен жасөспірімдер Үйі "Қолөнер" үйірмесінің жетекшісі. Тасбөгет кенті


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер