BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Шығармашылық алаң

Озат педагогикалық тәжірибеге сүйеніп, нақты оқу-тәрбие үрдісіне негізделген біртұтас жүйе құру және әр мұғалімнің өз кәсіби біліктілігін жан- жақты дамытуын қалыптастыру, қосымша білім беру педагогтарының шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында Қызылорда облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен Сырдария аудандық оқушылар Үйі базасында "Қосымша білім беру жүйесінде инновациялық үрдістердің ұрпақ тәрбиесіне ықпалы" тақыры- бында шығармашылық алаң болып өтті. Шығармашылық алаңда педагог- психологтарға арналған "Білгеніңмен бөліс - бұл мәңгі өшпеске апаратын жол" тренинг-сабағы, бейнелеу бағытында "Көбелек неткен керемет" сабағы, техникалық бағытта "Автокөлік бөлшектері" және "Тізбектей және параллель қосу" тақырыбында сабақтар көрсетіліп, басқа қатысушылар бұған өз жобаларын ұсынды. "Білгеніңмен бөліс - бұл мәңгі өшпеске апаратын жол" тақыры- бындағы тренинг - сабақта әр баланың көңіл-күйін, мінезін, отбасындағы ахуалын байқауға болатын тәсілдер ортаға салынды. Әр қатысушы бұл методиканы талдап, өз ойларын айтты. Баланы зерттеудің алғашқы сатысы, ертегі терапиясын мектептерде кеңінен қолдануға болатындығы көрсетілді. "Көбелек неткен керемет" тақырыбында өткізілген бейнелеу сабағында түрлі әдістермен бірге монотопия - қағазды қайыру арқылы көбелектің жарты қанатын салу тәсілдері мен балаларға үш тілділікті меңгерту әдістері арқылы балалар өздерінің сөздік қорларын дамытты. Техникалық шығармашылық бағытындағы сабақтарда балаларға қолжетімді тәсілдер арқылы ток көздерін қосу сабақтарымен бірге "Автокөлік бөлшектері" тақырыбы бойынша "механизм" туралы түсінік- терін кеңейтті. Шығармашылық алаңда облыс бойынша оқушылар Үйінде осы бағыттарда жұмыс жасайтын мамандар өз пікірлерімен, тәжірибелерімен бөлісті. Қосымша білім беру жүйе- сінде инновациялық үрдістерді көптеп енгізу мақсатында қатысушылар педагог-психологтар арасында түрлі тақырыптық шеберлік сыныптары ұйымдастырылса, техникалық бағыт- тағы үйірмелерді автоматтандыру әдістерімен жалғастырса, автоматтандырылған және трансформерлі бағыттағы үйірмелер көбейсе, ол үшін әдістемелік көмектер берілсе деген ұсыныстар айтылды. Ортақ шарада өз ойларын ортаға салған үйірме жетек- шілері ерекше қамқорлықтағы балалардан құралған "Руханият" үйірмесінде болды. "Түймедақ" бөлме гүлдері галереясының ашылуына қатысып, үйірме мүшелерімен бірге гүлдер отырғызды. Балалардың бос уақытын әрдайым көңілді әрі мазмұнды ұйымдастыруға көңіл бөлетін жетекшілер енді балалардың жазғы демалысын пайдалы етіп өткізу шараларын ұйымдастырмақ.

Г.АҚМЫРЗАЕВА, "Қосымша білім" бөлімінің меңгерушісі. Сырдария ауданы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер